Taulik.kz | Тәулік бойы ақпарат тарату алаңы | Тәулік жаңалықтары | Бүгінгі жаңалық RU search
22 ақпан, 2023 / taulik / Жаңалықтар

Хакерлер Құранды өртегені үшін швед компанияларына кибершабуыл жасады

Хакерлер Құранды өртегені үшін швед компанияларына кибершабуыл жасады

Хакерлер Құранды өртегені үшін швед компанияларына кибершабуыл жасады
ашық дереккөзі
Өткен демалыста Швецияның бірнеше компаниясы мен мемлекеттің орындарының  ресми сайттары кибершабуылға ұшырған, деп хабарлайды taulik.kz SVT-ға сілтеме жасап. Аталған мәселе бойынша Anonymous Sudan анонимді хакерлік тобы айыпталуда. Олар Швециядағы Құранды өртеген оқиғаға байланысты шабуыл жасаған деген күдік бар. Жексенбі күні бірнеше сайт кибершабуылға ұшыраған, олардың ішінде: Vattenfall энергетика компаниясы, Kivra корпоративті пошта сервисі және SOS Alarm төтенше жағдай кезінде жұмыс істейтін қосымшаның ресми бөлімі бар. Бұған дейін бірнеше күн бұрын Anonymous Sudan хакерлер тобы кибершабуыл жасайтынын ескерткен. Нақты себеп ретінде Стокгольмдегі Құранды өртеген жағдайға қатысты деп атаған. Швед азаматтарды қорғау және төтенше жағдайдың алдын алу агенттігі (MSB) соңғы күндері кибершабуылдың жиілеп кеткенін айтып, енді орталық кберқауіпсіздік орталығымен бірген селбесіп жұмыс істеуі мүмкін екенін мәлімдеді.