Ақтөбеде мүгедек кісіні аяусыз ұрып-соғып, қайыр сұрауға мәжбүрлеген, деп хабарлайды Taulik.kz cайты Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.
«Мен Түркістанда туылғанмын, бірақ кейін Шымкентке көшіп кеттім. Менің жеке пәтерім және отбасым болды. Бірақ тағдырдың жазуымен көшеде қалдым. Қаңтар айында Шымкентте нан сұрап көшеге шықтым. Маған бейтаныс әйел келіп, қайда тұратынымды сұрады. Ол кезде мен оңалту орталығында тұрдым. Ол әйел маған өзінің үйінде тұруды ұсынды, бәрі жақсы болатынын айтты, «біз тапқан барлық ақшаны екіге бөлеміз, қажетті заттарды сатып аламыз» деп сендірді. Мен келісіп, солармен бірге тұра бастадым, көп ұзамай маған деген көзқарастары өзгерді, дөрекі сөйлеп, мазақ ете бастады. Олар менің мүгедек екенімді, асқазанымның, омыртқамның ауыратынын білді, бірақ соған қарамастан олар өз дегендерін жасады. Аз ақша тапқан кезімде жазалайтын. Олар менің күніне 40-50 мың теңге әкелгенімді қалады. Бірақ мен одан бас тарттым, өйткені мен Шымкентте үлкен ақша табуға мүмкіндігім болмайтынын түсіндім. Тапқанымды беріп отырдым», - деді жәбірленуші.
Ер кісінің жанына кейінірек үй иесінің ағасы екі адамды ертіп әкелген екен. Біреуінің қолы мен аяғы, ал екіншісінің аяғы жоқ. Осылайша әлгі «көмектесемін» деп қол ұшын созғандар мүгедек жандарға қайыр тілетіп, ақшаларын алып отырған.
«Олар біздің табысымызды пайдаланды, бізге тек ішімдік, темекі және бич пакет қана сатып әкелетін. Мен оларға күніне 25-30 мың беріп жүрдім, кейде одан да көп болды. Ал жұма күндері мешітке барған кезде, мұсылман жандар көптеп ақша тастайтын. Жұма күндері пайда 50 мыңға дейін жететін. Сосын мені қожайынның әкесінің үйіне әкелді. Бастапқыда бәрі жақсы болды. Кейін олар мені ұрып тастады. Жедел жәрдем де шақырған жоқ, ешқандай көмек көрсеткен жоқ. Есімді жиғаннан кейін олар пайда табу үшін Ақтөбеге немесе басқа қалаға баруды ұсынды. Мен өз өмірім мен денсаулығым үшін қорықтым, сондықтан ол ұсыныстан бас тарта алмадым. Ақпан айында біз Ақтөбеге келдік. Ақтөбеге келгеннен кейінгі күні мені базарға қайыр сұрауға шығарды. Олар көбірек пайда табу үшін мені мүгедектер арбасына отырғызды. Бірақ мен өздігімнен жүре аламын. Олар маған телефонмен сөйлесуге, адамдармен тілдесуге тыйым салды. Кешке үйге келгенде, олар менің барлық табысымды тартып алатын», - дейді Александр.
Бірде Александр қайыр сұрап отырған жерінде жанына еріктілер келіп, азық-түлік алып беруді ұсынған. Сол сәтте ер адам волонтерлерге өзінің жағдайын айтып, оңалту орталығы туралы сұрастырған.
«Олар көмектесуге уәде берді. Келесі күні олар мені алып кетті. Қайыр сұрауға мәжбүрлегендер мүгедектерді ешқайда қоңырау шалып, көмек сұрамас үшін оларды сыртынан бақылап отырды. Маған тіпті полиция қызметкері де келді, мен оған «азық-түлікке ақша жинаймын, өмір сүретін жер жоқ» деп жауап бердім. Содан кейін олар менің полицейлерге не айтқанымды сұрады, егер оларға бір нәрсені ұнамай қалса аяусыз ұрып тастайды. Мені ешкім іздеген жоқ, ата-анам қайтыс болып кеткен. Мен қайыр сұрауға мәжбүрлейтіндерден неге жұмыс істемейтіндерін сұрадым, олар «осындай оңай ақша бар кезде неге жұмыс істеу керекпіз?» деп жауап берді.
Олар біздің есебімізден өмір сүреді. Ақтөбеде мен бір айдан астам уақыт қайыр сұрадым, содан кейін еріктілер маған жасырын пәтерге көшуге көмектесті. Білесіз бе, мен қазір бірдеңе талап ете алмаймын, мен кішкентай адаммын. Мен тек сол адамдармен бұдан бұлай жолығып қалмасам екен деп тілеймін, олардың мені жайыма қалдырғанын қалаймын. Мен олардан екі рет қашып кеттім, олар ұстап алып, аяусыз ұрды. Егер тағы қайталанса, о дүниеге апарамыз деп қорқытты. Мен ол адамдардың қазір бостандықта жүргенін әрі Шымкентке кеткенін естідім. Мен тұрған үйдің иесі оның және бүкіл отбасының сары картасы бар екенін айтты, бірақ олар сау адамдар, бірақ сатып алынған картаға мүгедектік бойынша зейнетақы алады», - деп қосады Александр.
Қазір Александрдың тағдырымен «Дәріс» қоғамдық қоры айналысып жатыр.