Мәзір
13 шілде, 2023 / taulik / Жаңалықтар

«Ел менсінбейтін мамандықтың үздігі болған жөн» – Аятжан Ахметжанұлы

«Ел менсінбейтін мамандықтың үздігі болған жөн» – Аятжан Ахметжанұлы

«Ел менсінбейтін мамандықтың үздігі болған жөн» – Аятжан Ахметжанұлы «Ел менсінбейтін мамандықтың үздігі болған жөн» – Аятжан Ахметжанұлы
ашық дереккөзі
2020 жылдан бастап грант конкурсы орыс және қазақ тобы деп бөлінбейді. Бұл қазақ топтары үшін көптеген мамандықтың грант балының төмендеуіне әсер етті. Сондықтан да мамандық таңдауда талапкер нендей кеңестерге құлақ түрген жөн, бұл туралы Taulik.kz жазды. Белгілі педагог Аятжан Ахметжанұлы Azattyq ruhy агенттігіне берген сұхбатында, көп түлектер ата-анасы ұсынған мамандықты таңдап қателік жасайтынын айтты. Сондай-ақ қазір қолында ҰБТ сертификаты бар жастардың басым бөлігі өздері қалайтын мамандыққа емес, көбіне грантқа түсуді көздейді. Алайда мемлекет қаражатына оқуға түсу үшін бірнеше дүниеге мән беру керек.
«Әр мамандыққа бөлінген гранттар тізімін қарап, зерттеу қажет. Бірақ бір мамандыққа гранттың көп бөлінуі – оған түсуге кепіл емес, көібне ол тапсыратын адам санына байланысты. Бір ғана мамандықты таңдап, әртүрлі университетті жазып қажет емес. Талапкердің конкурсқа түсуге мүмкіндігі азаяды. Себебі грант университетке емес, мамандыққа бөлінеді», - дейді ол.
 width= Аятжан Ахметжанұлы мамандық таңдаған кезде сертификаттағы балға қарап, «көрпеге қарай көсілген жөн» екенін айтады.
«Мысалы, 115 бал жинаған түлек стоматологияны немесе 85 бал жинаған талапкер  жалпы медицинаны таңдап әуре болмағаны жөн. Мұны қалай межелеуге болады? Ол үшін өткен жылғы грант иегерлері тізімін жақсылап қарау қажет», - дейді педагог.
ҰБТ толық аяқталды, жалпы статистика шықты. Танымал педагог ендігі кезекте соған қарап қайда тапсыруға болатынын бағамдауға болады деген пікірде.
«Бірақ кез келген мамандыққа өткен жылғы ең төменгі балдан артық тәуекел қажет емес. Талапкер грантқа түсуден гөрі тәуекелге жақын болса, онда ең маңызды кеңес – құжаттарды ең соңынан тапсыру қажет.  Мамандықты 18-20 шілде арасында, жұрттың ең соңында тапсыру керек. Себебі ҰТО әр күні бір мамандықты неше адам таңдағаны туралы статистика жариялап отырады. Соған қарап отырып, талапкер таңдаған мамандыққа түсу-түспеу мүмкіндігін 90% межелеуіне болады», - дейді ол.
Оның сөзінше, мамандық таңдау басталған кезде өзіне толық сенімділер бірінші таңдап кетеді, сосын бір грантқа неше адам таласып тұрғанына қарап, талапкерге өз мүмкіндігін біліп алуға болады.
«Мысалы, бір грантқа 5 адамнан артық таласып тұрса, грантқа түсу қиын. Бір грантқа 0,7 адам таласып тұрған мамандықты ойланбай таңдай беруге болады»,- дейді Аятжан Ахметжанұлы.
Ол сондай-ақ университеттердің қабылдау комиссиясы кеңес бергенде өз университетін таңдауды, өзінде бар мамандықты таңдауды ұсынуы, тіпті кейбірі «бізді таңдамасаң, құжатыңызды алмаймыз» деп міндетсінуі мүмкін екенін ескертті.
«Бұл – заңсыз! Талапкер өз қаласындағы университетке барып, өзі қалаған кез келген университет пен мамандықты таңдай алады. Сосын қорытынды тізім шыққан соң, ол грантқа түскен университетке құжатын алып бара береді», - дейді ол.
Тағы да бір ескеретін жайт – ауыл квотасы, қандастарға берілетін квота немесе тағы басқа жеңілдіктер барлық мамандықта бола бермейді. Мысалы, халықаралық қатынастар, ғылыми физика мамандығында ауыл квотасы жоқ. Сондықтан мұны ескеру маңызды. Сонымен бірге ол танымал мамандық таңдап, өкініп қалмауға кеңес берді.
«Талапкер ең жақсы маман болып шыға алатын саланы таңдауы қажет. Хит мамандықтың сапасыз кадры болғанша, ел менсінбейтін мамандықтың мықты маманы болу – табысқа жетудің төте жолы», - дейді  сарапшы.
Ол сондай-ақ педагогикалық мамандықты таңдардың алдында жеті рет өлшеп, бір рет кескен жөн екенін айтады.
«Шәкіртақысы көтерілді, мұғалімдер жалақысы көтерілді. Бұл осы бағыттағы мамандықтарға түсуді армандайтындар санын арттырды. Бұрынғыдай «тым құрыса, мұғалім бола салам» дейтін ой енді жоқ. Педагогикалық мамандықтар балы көтеріліп кеткен», - дейді ол.
2020 жылдан бастап грант конкурсы орыс және қазақ тобы деп бөлінбейді. Бұл да қазақ топтары үшін көптеген мамандықтың грант балының төмендеуіне әсер етті. Айтпақшы, медицина немесе педагогика мамандықтарын таңдайтындар психологиялық тесттен өтуі міндетті, оны конкурсқа құжат өткізгенге дейін тапсырып болу керек. Осы саланы зерттеп жүрген сарапшы Гүлбану Қанайдан биыл қандай өзгерістер болғанын сұрадық. Оның сөзінше, IT саласына тапсырған түлектердің грантқа түсу мүмкіндігі көбірек.  width=
«IT дегенді естісе, бізге таңсық, қолжетпес көріне ме, балы 120+ деп көретін сияқты. Грант саны аз емес, тіпті өте көп. Бұрын математика мен физика таңдайтындар үлесі 27-30% болса, қазір негізгі ҰБТ-да информатика мен математика таңдаушылар үлесі 10-11%. Шекті балдан (50 балл) асқандар үлесі 78% (қазіргі). Сонда шамамен бір реткі ҰБТ-ны 180 мың түлек тапсырады десек, шекті балдан асқандар 15 мыңдай болады екен. Ал грант саны:  Информатика мұғалімдерін даярлау – 810, Ақпараттық технологиялар – 4549, Ақпараттық қауіпсіздік – 3090 грант жалпы конкурс бойынша, одан бөлек арнайы облыстарға бөлінген мақсатты грантарды қоса алғанда 10000-нан асады», - дейді ол.
Биылғы тағы да бір өзгеріс – кей мамандықтарға қайта жекелей гранттардың бөлінуі.
«Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу, бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі грант саны біршама көбейген. Жалпы педагогикалық ғылымдар грант саны 1 750-ге артық. Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика 1100-ге артық. Соның ішінде, Биологиялық және сабақтас ғылымдар, Қоршаған орта, Жер туралы ғылым, Химия, Физика, Математика және статистика, Механика әрқайсыныкі 80-200 грантқа дейін артқан. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жалпы 1000 грантқа артқан. Соның ішінде Ақпараттық технологиялар 500, Ақпараттық қауіпсіздік 300, Коммункация 100 грантқа артық. ️Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары 1000-ға ️Ауыл шаруашылығы және биоресурстар 100-ге артық», - деді Гүлбану Қанай.
IT саласының маманы, АҚШ-та «Болашақ» бағдарламасымен Бостанда оқып жатқан Тимур Бектур қазіргі заманда өлмейтін мамандықтың бірі – IT екенін айтады. Ол аталған мамандықтың артықшылықтарын тізіп шықты.
«IT саласында жалақы әжептәуір жақсы. Өздігіңмен үнемі жетілдіріп отыруға болады. Әрдайым жұмыс табылады. Үнемі жетіліп, маман ретінде дамисың. Ішің ешқашан пыспайды. Кез келген саладағы компания IT маманға мұқтаж. Жұмыс-отбасы балансын сақтауға мүмкіндік көп. Егер белсендірек болсаң, қызмет баспалдағынада тез өсесің. Шығармашылық, һәм креатив қырыңды көрсете аласың», - дейді IT маманы.
 width= Білім беру саласын зерттеп жүрген тағы да бір сарапшы – Айбол Құлан грантты қалайтын әр талапкер өзі сараптама жасау керек екенін айтады.
«Кейбір кісілер қандай мамандық таңдайтынынан мүлдем хабарсыз болып, құжат тапсыруға барып жатады. Сосын сол жердегі кісілерден сұрап жатады. Ал кейбір ата-аналар барғаннан кейін сол кісілердің сөзінен соң шешімін ауыстырып жатады. Бұл жақсы шешім емес. Неге? Біріншіден, ол жердегі қызметкерлердің міндетіне талапкерге мамандық таңдап беру кірмейді. Сондықтан бұл мәселе жөнінде барлығы хабардар емес. Екіншіден, қабылдау комиссиясындағылар талапкерге өз университеттерін таңдауға итермелейді», - дейді ол.
Ол сондай-ақ грантқа түсу мүмкіндігіңізді есептеп беретін боттарға, сайттарға, қосымшаларға сенбеуге шақырды.
«Біріншіден, олардың жұмыс істеу алгоритмі белгісіз. Екіншіден, олар ескеретін ақпараттардың дәлдігі (тапсырған түлектер саны, нәтижесі, гранттар саны, квоталарды ескертуі), үшінші, адами факторды есептемеуі (бәрі компьютердің ойындағыдай ең тиімді вариантты таңдамайды)», - деді.
 width= Грантқа түсуге 100 % кепілдік беріле ме?
«Мұндай кепілдікті кез келген адам бере алады. Ол үшін сұранысы аз мамандықты 4-ші қылып жазу керек. Ондай мамандық жоқ болса ешкім оған кепілдік бермейді. Сондықтан бұл – тек қана маркетиңдік құрал ғана. Грантқа өтініш берерде ешкімнің көмегіне жүгінбей, әр талапкер өзі анализ жасауы керек», - дейді Айбол Құлан.
Құжаттарды қабылдау 3 тәсіл бойынша жүзеге асырылады.
  • Офлайн. Жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары арқылы. Бұл ретте тұрғылықты мекенжайыңызға жақын орналасқан кез келген университеттің қабылдау комиссиясына жүгінуге болады;
  • Онлайн. Шалғай аймақтарда тұратын талапкерлердің ыңғайы үшін ЖОО-да виртуалдық қабылдау комиссиялары талапкерлерге бейне байланыс арқылы кеңес беріп, құжаттар қабылдайды;
  • Онлайн. Egov.kz порталы арқылы.
Айта кетейік, талапкерлер 16 мамыр мен 5 шілде аралығында өткен ҰБТ-ның екі нәтижесінің біреуін ғана конкурсқа ұсына алады. Білім беру гранты иегерлерінің тізімі 10 тамызға дейін жарияланады.

Апта талқысында: