logo
search
menu
Қазақтың болашағы жарқын: астаналық оқушы әлемдік жарыстан қола медаль жеңіп алды
Фото: ашық дереккөз

Қазақтың болашағы жарқын: астаналық оқушы әлемдік жарыстан қола медаль жеңіп алды

Астаналық мектеп оқушысы Сочиде өткен халықаралық олимпиадада қола медаль жеңіп алды.

Жаратылыстану бағыты бойынша өткен додада 9-сынып оқушысы, «NURORDA» мектеп-лицейінің тәрбиеленушісі Тимур Алпысбаев қола жүлдеге ие болды.

Жалпы командалық есепте Қазақстан құрамы жоғары нәтиже көрсетіп, барлығы 6 медаль қанжығасына байлады.