Taulik.kz | Тәулік бойы ақпарат тарату алаңы | Тәулік жаңалықтары | Бүгінгі жаңалық RU search
20 қазан, 2023 / taulik / Жаңалықтар

Әуекомпаниялардың кірісі 15%-ға ұлғайды

Биыл Қазақстанда жүк пен жолаушылар тасымалының көлемі біршама артты

Әуекомпаниялардың кірісі 15%-ға ұлғайды

Әсіресе, елдегі әуе компанияларының кірісі өскен. Сонымен 2023 жылы көлік қызметі бойынша авиация саласы алда. Қаңтар-қыркүйек айында әуе көлігімен 17,2 мың тонна жүк тасымалданды. 9,9 млн адам ұшақпен қатынап, әуе команияларна 566,1 млрд теңгеге кіріс әкелген. Бұл өткен жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 15%-ға жоғары, деп жазады Taulik.kz.


Ал теміржол тасымалы 0,7%-ға артты. Бұл көлік түрімен 308 млн тонна жүк тасымалданып, 1,1 трлн теңге түскен. Сондай-ақ, 91 млрд теңгеге 15,1 млн адам пойызбен жүріпті.

Автомобильмен 210 млн тонна жүк жеткізіліп, оның табысы 632 млрд теңге құрады. 36,9 млн адам таксимен жүрсе, автобус қызметін 1 млрд адам пайдаланды.