Taulik.kz | Тәулік бойы ақпарат тарату алаңы | Тәулік жаңалықтары | Бүгінгі жаңалық RU search
31 қазан, 2023 / taulik / Қоғам

Депутат Тұрлыхановтың бауыры әйелін соққыға жығып, істі болды

Әлеуметтік желіде Тұрлыхановтың інісі жайлы ақпарат тарауда

Депутат Тұрлыхановтың бауыры әйелін соққыға жығып, істі болды
Коллаж: Ulysmedia.kz

Алматының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында тараптардың татуласуына байланысты ұрып-соғу туралы істі қарау тоқтатылды, деп хабарлайды Taulik.kz.

Депутат Дәулет Тұрлыхановтың Рахат есімді інісі әйелін ұрғаны туралы ақпарат пайда болды. Оқиға қазан айында болған, іске полиция араласып, іс сотқа жеткенімен, кінәлі жазаланбады.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс тараптардың татуласуына байланысты тоқтатылғаны хабарланды.

"Сот ағымдағы жылдың қазан айында Тұрлыханов үйінде болған кезде жанжал шығарғанын анықтады, ол әйелін ұрып-соғып, физикалық ауыртпалық тудырды. Сот отырысында ол кінәсін мойындады, жасаған ісіне өкініш білдірді. Жұбайы іс материалдарында баяндалған фактілерді растады, соттан татуласуға байланысты іс жүргізуді тоқтатуды сұрады", - делінген сот хабарламасында.

Сот оған қатысты іс жүргізуді тоқтату және әкімшілік жауапкершіліктен босату туралы шешім қабылдады.

Рахат Тұрлыханов деген кім

Рахат Тұрлыханов – қазақстандық орындаушы, продюсер. 2011 жылы Қазақстанда таланттар өте көп екенін айтып, өзінің продюсерлік орталығын ашпақ ниетін мәлімдеген.

Тұрлыханов бұған дейін Лондондағы дипмиссияның үшінші хатшысы болып жұмыс істеген. Алайда 2011 жылдың наурызында жұмыстан шығарылды. Тұрлыханов жол қозғалысы ережелерін бұзғаны және автокөлікті дұрыс қоймағаны үшін айыппұлдар саны бойынша қазақстандық дипломаттар арасында “рекорд” орнатқан.