Қарағандыда өз қайын атасын өлтіруге оқталған азамат ұсталды, деп хабарлайды Taulik.kz.
Полиция департаментінің мәліметінше, қала көшелерінің бірінде екі азаматтың арасында жанжал болып, соның салдарынан бір адамның пышақ жарақатын алған.
«Оқиға орынына бірден жедел-тергеу тобы жіберілді. Полиция қызметкерлері жандалдың 59 жастағы азамат пен оның 52 жастағы күйеу баласының арасында болғанын анықтады. Қайын атасы «күйеу баласына босқа жүре бермей жұмыс тауып алу керек екенін» айтқан. Бұған күйеу баласы қатты ашуланып, екеуара жанжал ушығады. Соңында күйеу баласы 59 жастағы қайын атасына пышақ жарақатын салып, артынша оқиға орынынан ізін жасырған», - делінген хабарламада.
Аталған іске, Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 24-99 «Адам өлтіруге оқталу» бабымен қылмыстық іс қозғалды.
«Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен күдікті ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін берді. Күдіктіге қатысты қамауға алу бұлтартпау шарасы қабылданып, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», - делінген хабарламада.