Ержан Еркінбаев Туризм және спорт вице-министрі болып тағайындалды

Туризм және спорт министрлігіне жаңа вице-министр тағайындалды

Туризм және спорт вице-министрі қызметіне Ержан Мәлікұлы Еркінбаев тағайындалды, деп хабарлады Taulik.kz.

Ержан Еркінбаев 1982 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. 

Қазақ мемлекеттік заң академиясын, Халықаралық бизнес академиясын тәмамдаған. 

Еңбек жолын 2002 жылы коммерциялық компанияда заңгер болып бастаған..

2019-2021 жылдары — «Kazakh Tourism» Ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма төрағасының міндетін атқарушы, басқарма төрағасы.

2021 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР мәдениет және спорт вице-министрі болған.

 

Loading...