Алматыда жедел жәрдем дәрігерлері соққыға жығылды, деп хабарлады Taulik.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы ақпаратты қалалық денсаулық сақтау басқармасы растады.
Оларға алғашында көмек сұрап жүгінген ер адам шабуыл жасаған.
"Кезекті қоңыраудан қайтып келе жатқан кезде ер адам жедел жәрдем қызметкерлеріне жақындап, әйелге көмек көрсетуді өтінген. Әйелді қарау кезінде ер адам дәрігер мен фельдшерді ұрып, олардың денсаулығына зиян келтірген", - делінген Алматы денсаулық сақтау басқармасы хабарламасында.
Қазіргі уақытта Алатау ауданы ПБ заңсыз әрекетке барған тұлғаға қатысты процессуалдық шешім қабылдау сатысында.
"Бүгінде зардап шеккендердің жағдайы қанағаттанарлық, олар амбулаторлық ем алып жатыр", - деп қосты Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы.