logo
search
menu
Қазақстан кімге қарыз? Мемлекеттің сыртқы қарызы - 18 млрд долларға жеткен

Қазақстан кімге қарыз? Мемлекеттің сыртқы қарызы - 18 млрд долларға жеткен

Қазақстанның сыртқы қарызы 18 млрд 396,49 млн АҚШ долларына жеткен, деп хабарлайды Taulik.kz сайты Baspasoz.kz-ке сілтеме жасап

2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Қазақстанның сыртқы мемлекеттік қарызы 18 млрд 396,49 млн АҚШ долларын құрады.

Қарыздың негізгі бөлігі халықаралық қаржы ұйымдары мен шетелдік инвесторлардың үлесінде.

🔴 Еурооблигациялар – $9 333,4 млн

🔴 Дүниежүзілік банктің Халықаралық қайта құру және даму банкі (ХҚДБ) – $3 905,65 млн

🔴 Панда-облигациялар – $1 491,91 млн

🔴 Азия даму банкі – $1 271,39 млн

🔴 Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі – $1 160,19 млн

🔴 Ресей нарығында орналастырылған мемлекеттік бағалы қағаздар – $594,1 млн

🔴 Қытайдың Экспорттық-импорттық банкі – $235,24 млн

🔴 Шетелдік коммерциялық банктер – $200 млн

🔴 Жапонияның халықаралық ынтымақтастық агенттігі – $114,17 млн

🔴 Еуропалық қайта құру және даму банкі – $47,88 млн

🔴 Ислам даму банкі – $38,12 млн

🔴 Германия Үкіметінің кредиттік агенттігі – $4,49 млн

Мұндай мәліметті  Анель Давлетгалиева Қазақстанның экономикасы туралы авторлық каналында жариялады.