17 млн айыппұл: Астана әуежайында болған оқиға (ВИДЕО)

Астана әуежайындағы оқыс оқиға.

Астанадан-Алматыға жолға шыққан жолаушы биыл қыркүйек айында тексеруден өтіп жатқанда қызға қырындаймын деп басы бәлеге қалған. Бұл туралы taulik.kz баяндайды.

«Майшам» теле-подкастына келген Астана халықаралық әуежайдың ресми өкілі биыл қыркүйек айында болған оқиғаны баяндап берді.

Оның айтуынша, Астанадан-Алматыға шыққан жолаушы тексеруден тұрған қызды ұнатып қалып, оған әзілдеймін деп «сөмкеңізде не бар?» деген сұраққа «бомба» деп жауап берген. Бір қызығы, ол өзіне қарай полиция мен ҰҚК-нің адамдары келе жатқанын да, рейсті тоқтатып, адамдарға да зиянын тигізетінін білмеген.

Естеріңізде болсын, әуежайда қауіпті сөзді айтудың ақыры төмендегі бірнеше қылмыстық жауапкершілікке апаруы мүмкін:

  • 5 жылға дейін бас бостандығыңыздан айырыласыз;
  • 5 жылға дейін қоғамдық жұмысқа жегілесіз;
  • 17 млн теңгеден астам айыппұл арқалайсыз

Loading...