Лукашенко: Бейбітшілікті қаласаң – соғысқа дайындал

Беларусь президенті Александр Лукашенко Беларусь соғысқысы келмейтінін, бірақ соғысқа дайындалып жатқанын айтты. Бұл туралы ол Гродноға жұмыс сапары кезінде бір топ шенеуніктердің және жергілікті тұрғындарды жинаған кезде айтты.

 

«Біз соғысқа дайындалып жатырмыз, мен бұл туралы ашық айтамын. «Егер сіз бейбітшілікті қаласаңыз, соғысқа дайындалыңыз» - деген сөзді айтқан мен емеспін. Бірақ, бұл өте дұрыс айтылған сөз. Егер ол жақтан (Батыс) біреу айқайлап, сынаса, демек, біз дұрыс істеп жатырмыз. Егер олар бізді мақтай бастаса, бұл апат», - деді Лукашенко.

Еске салайық, Беларусь - Ресейдің Украинаға басып кіруін ашық қолдайтын әлемдегі жалғыз мемлекет. 

Loading...