Мәзір
24 маусым, 2024 / taulik / Астана қаласы

«JOLTAP» арқылы 1 аптада мамандығын өзгерткен астаналық тұрғын

«JOLTAP» жобасы қала тұрғынына бір апта ішінде мамандығын өзгертуге қалай көмектесті.

«JOLTAP» арқылы 1 аптада мамандығын өзгерткен астаналық тұрғын «JOLTAP» арқылы 1 аптада мамандығын өзгерткен астаналық тұрғын
taulik.kz

Астанада жұмыссыз азаматтарға жұмыс табуға және қаржылық жағдайын жақсартуға мүмкіндік беретін «JOLTAP» жобасы жүзеге асуда. Елорданың ресми сайтының хабарлауынша, осы жоба аясында бүгінгі таңда 2000-нан астам астаналық түрлі мамандықтар бойынша оқыту курстарынан өтті.

32 жастағы елорда тұрғыны Әбілмансұр Баянхан «JOLTAP» жобасына дейін өзін түрлі салада сынап көрген. 7 айдан астам уақыт кондитер аспазшысы болып жұмыс істеп, кейіннен бариста мамандығын меңгерді. Әбілмансұр «Бағдарламашы» мамандығы бойынша білім алғанымен, 8 жылдан астам уақыт жиһаз саласында жұмыс істеген. Өткен жылы тамақтану саласына ауысып, кондитерлік бойынша жұмыс тапты. 7 айдан кейін ол кондитерлік кофехана ашуды армандады.

Әбілмансұр «JOLTAP» жобасы туралы қала көшелеріндегі «Баршаға мүмкіндік» модульдік пунктері мен консультациялық орталықтар арқылы білген. Жоба туралы біліп, жаңа мамандықты игеру үшін бариста курсын таңдаған. Бір аптаның ішінде ол кәсіби бариста дағдыларын игеріп, жұмысқа кірісті. Бірнеше кофеханаға жүгініп, төртінші күні екі мекемеден жұмысқа шақырту алды. Қазір үш айдан бері бариста болып жұмыс істеп, табыс тауып жүр.

«Мен жоба туралы күтпеген жерден білдім. Қала көшелерінде «Баршаға мүмкіндік» модульдік пунктері мен консультациялық орталықтарды көрдім. Содан бағдарлама туралы, оның мүмкіндіктері туралы біліп, жаңа мамандықты игеру туралы шешім қабылдадым. Ұсынылған 14 кәсіптің ішінен «Бариста» бағытын таңдап, өз мақсатыма жол аштым», - дейді сұхбаттасушы.

Әбілмансұрдың айтуынша, «JOLTAP» қаланың тұрғындары үшін өте қажет жоба. Бұл жоба астаналықтарға мамандығын ауыстырып қана қоймай, сүйікті ісімен айналысуға да мүмкіндік береді. Жоба аясында қала тұрғындары өздері үшін қызықты саланы таңдап, болашақта өз ісін аша алады.

Жоба аясында ыңғайлы оқыту үшін қажетті барлық заттармен жабдықталған жекелеген оқу сыныптарында үш күннен бір айға дейінгі мерзімде жүргізіледі. Бұл жобаға 18-50 жас аралығындағы астаналықтар қатыса алады. Оқу соңында түлектерге сертификаттар беріледі.

Апта талқысында: