Мәзір

Жаңа жылға, Аяз атаға, Ақшақарға арналған тақпақтар

Жаңа жылға, Аяз атаға, Ақшақарға арналған тақпақтар

Жаңа жылға, Аяз атаға, Ақшақарға арналған тақпақтар Жаңа жылға, Аяз атаға, Ақшақарға арналған тақпақтар
Фото: pexels.com

Жаңа жыл келсе алдымен қуанатын жандар – бүлдіршіндер. Олар үшін тақпақ айтып, ән салып, өнерлерін көрсетіп сыйлық алу – керемет сезім. Осыған орай бүлдіршіндерге арналған тақпақтарды ұсынамыз.

Жаңа жылды қарсы алдың,
Мініп алып күймеге.
Мен де бүгін ән салдым.
Араластым биге де.

***

Безендіріп шыршаны,
Жыл қуантты баршаны.
Той-маскарад басталды,
Аяз оны басқарды.

***

Ақ қырауға малынған,
Сақалы да, мұрты да.
Аяз ата сағынған,
Сәлем берді жұртына.

***

Жаңа жылым мол болсын,
Басқан қадам оң болсын.
Төрле, төрле жаңа жыл,
Бізге құтты жол болсын.

***

Оралдың өлкеме,
Жаңа жыл армысың.
Оранды ақ көрпеге,
Асқартау, қарлы шаң.

***

Әдемілеп біз ілген,
Ойыншықтар тізілген.
Қандай жақсы шыршамыз,
Ән шырқайық баршамыз.

***

Дала нұр, қала нұр,
Құтты болсын Жаңа жыл.
Жасыл шырша жанында,
Билеп барлық бала жүр.

***

Сақалы аппақ күмістей,
Тістері аппақ күріштей.
Нұр жайнаған ажары,
Сағындық Аяз атаны.

***

Көрдің бе Аяз атаны,
Аппақ екен сақалы.
Аппақ екен мұрты да,
Аппақ екен шапаны.

***

Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып.
Келді алыс сапардан,
Аяз ата оралып.

***

Ән саламыз, би билеп,
Жырдан шашу төгілді.
Бүгін біздің жаңа жыл,
Қандай қызық көңілді.

***

Бүгін біз көңілдіміз,
Жаңа жылды қарсы алып.
Мерекеге келгендерді,
Құттықтаймыз ән салып.

***

Даламаызға, қаламызға,
Жаңа жыл келіп кіреді.
Қартыңызға, жалпыңызға,
Жалынды сәлем береді.

Апта талқысында: