Taulik.kz | Тәулік бойы ақпарат тарату алаңы | Тәулік жаңалықтары | Бүгінгі жаңалық RU search

Ауа райы: 26 қарашада тұман түсіп, жел тұрады

Синоптиктердің болжамына қарағанда, бүгін, 26 қарашада еліміздің 10 өңірінде ауа райы қолайсыз болады, деп хабарлайды Taulik.kz.

Ауа райы: 26 қарашада тұман түсіп, жел тұрады
Фото: depositphotos.com

Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың тау асуларында күші секундына 15-20 метрге жетеді.

Шымкентте түнде және таңертең тұман түседі.

Абай облысының солтүстігінде тұман. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, облыстың оңтүстігінде екпіні секундына 15-18 метрге жетеді.

Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында тұман.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі.

Қарағанды облысының оңтүстік-шығысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні секундына 18 метрге жетеді.

Ұлытау облысының солтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде екпіні секундына 18 метрге жетеді.

Маңғыстау облысының батысында, орталығында көктайғақ. Түнде және таңертең облыстың солтүстік-шығысында тұман.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі.

Алматы облысының шығысында шығыстан жел соғады, екпіні секундына 18 метрге жетеді