Taulik.kz | Тәулік бойы ақпарат тарату алаңы | Тәулік жаңалықтары | Бүгінгі жаңалық RU search

Ауа райы: 27 қарашада тұман түсіп, жел соғады

"Қазгидромет" синоптиктері 27 қарашада еліміздің 12 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Taulik.kz.

Ауа райы: 27 қарашада тұман түсіп, жел соғады
Фото: ашық дереккөз

Ұлытау облысының солтүстігінде, орталығында тұман түседі.

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман.

Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман.

Атырау облысында шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде тұман түседі.

Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Қостанай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде тұман түседі.

Жетісу облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері аудандарында екпіні секундына 15-20 метрге, кей уақыттарда 23-28 метрге дейін жетеді.

Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде тұман.

Абай облысының солтүстігінде, орталығында тұман түседі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың оңтүстігінде секундына 15-18 метрге жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі.