Түсіңізде көп ақша көрсеңіз...
Қомақты соманы көру – өміріңізде үлкен өзгерістер болатынын білдіреді. Армандарыңызға жету үшін кей нәрселерден бас тартуыңыз қажет болуы мүмкін.
Түсіңізде ақша жоғалтсаңыз...
Ақша жоғалту шынайы өмірдегі қиындықтарды білдіруі ықтимал. Егер түсіңізде ақшаңызды ұрлап кетсе немесе санаған кезде жетпей қалса, бұл сатқындыққа ұшырауыңыз мүмкін екенін меңзейді. Мұндай түстер көбінесе өз қателігіңізден болатын сәтсіздіктерді көрсетеді. Сондықтан жұмысыңызға немесе қарым-қатынастарыңызға басқаша көзқараспен қараңыз. Бейқамдық жағымсыз салдарға алып келуі мүмкін.
Түсіңізде ақша тауып алсаңыз...
Егер түсіңізде ақша тауып, оны қайта жоғалтып алсаңыз, бұл шынайы өмірде мүмкіндіктерді жіберіп алуыңыз мүмкін дегенді білдіреді. Ал егер көп ақша тауып алсаңыз, жақын арада жолыңыз болатынын білдіреді. Ол міндетті түрде материалдық тұрғыдан емес, рухани немесе әлеуметтік жағынан да болуы мүмкін.
Түсіңізде ақша берсеңіз...
Жомарттық – адам бойындағы ең ізгі қасиеттердің бірі. Егер түсіңізде біреуге көмектесу үшін ақша беріп жатсаңыз, бұл шынайы өмірде жағымды жаңалық күтетіндікті білдіреді. Ал қайтыс болған адамға ақша беріп жатсаңыз, бұл күтпеген жерден табысқа кенелуіңіз мүмкін екенін меңзейді.
Түсіңізде ақша тығып жатсаңыз...
Егер түсіңізде ақшаны жасырып жатсаңыз, бұл соңғы әрекеттеріңізге ой жүгіртуді қажет ететінін көрсетеді. Мүмкін бір істе өзіңізді кінәлі сезінетін шығарсыз немесе шешім қабылдаудан қорқып жүрген боларсыз. Мұндай түс өз-өзіңізге адал болу және шынайы әрекет ету керектігін білдіреді.