Алайда бұл талап жаңалық емес, Қазақстанның жол қозғалысы ережелерінде 20 жылдан бері бар норма. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова түсініктеме берді, деп хабарлайды Taulik.kz.
Ереженің мәні неде?
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, Жол қозғалысы ережесінің (ЖҚЕ) 88-бабының 5-тармағы елді мекендерде көлік қозғалтқышын ұзақ уақыт бойы қосулы күйде қалдыруға тыйым салады, егер бұл әрекет тұрғындарға қолайсыздық тудырса. Мұндай талап ЖҚЕ-нің басқа тармақтарында да көрсетілген, атап айтқанда, 17-тараудың 122-бабының 4-тармағында.
Ақтоты Боранова атап өткендей, бұл – жаңа талап емес. "Қазақстан Республикасының жол қозғалысы ережелерінде көлік қозғалтқышын бес минуттан астам уақыт қосулы күйде қалдыру, егер бұл тұрғындарға қолайсыздық туғызса, құқықбұзушылық деп танылады," – деді ол. Бұл норма Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 597-бабының 1-бөлігінде белгіленген.
ІІМ бұл талапты қалай қолданады?
ІІМ өкілі мәлімдегендей, полиция органдары бұл құқықбұзушылық үшін азаматтарға жаппай айыппұл салуды мақсат етпейді. Тәртіп бұзу дерегі бойынша әкімшілік іс тек келесі жағдайларда қозғалуы мүмкін:
- Егер тұрғындардан арыз-шағым түскен болса;
- Егер құқық бұзушылық белгілері нақты тіркелген жағдайда.
"Бұл талаптың мақсаты – тұрғындарға жайлы ортаны қамтамасыз ету, экологияға зиянды азайту және көліктердің артық отын шығынын болдырмау," – деді Боранова.
Дереккөз: KAZ.NUR.KZ