Taulik.kz | Тәулік бойы ақпарат тарату алаңы | Тәулік жаңалықтары | Бүгінгі жаңалық RU search
10 қаңтар, 2025 / Көрместі Көрген / Қоғам

Көлікті ұзақ уақыт қыздырғаны үшін неге айыппұл салынады: себебі мәлім болды

Сенатор Марат Қожаев көлікті бес минуттан артық қыздырғаны үшін айыппұл салу ережесінің экологиялық нормаларды сақтау мақсатында бұрыннан қолданыста бар екенін түсіндірді.

Көлікті ұзақ уақыт қыздырғаны үшін неге айыппұл салынады: себебі мәлім болды
Фото: depositphotos.com

Сенат дәлізінде журналистер ішкі істер министрінің бұрынғы бірінші орынбасары, қазіргі сенатор Марат Қожаевқа көлікті қыс мезгілінде қыздырғаны үшін жүргізушілерге айыппұл салу қаншалықты әділетті екенін сұрады, деп Taulik.kz тілшісі Massaget.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қожаевтың айтуынша, көлікті бес минуттан артық қыздырғаны үшін айыппұл салу ережесі жаңалық емес, бұл норма бұрыннан қолданыста бар және оның негізгі мақсаты – экологиялық стандарттарды сақтау.

"Бұл шаралар экологиялық талаптарды сақтау мақсатында қабылданған. Әсіресе, ірі қалаларда ауа ластануы жоғары деңгейде болғандықтан, мұндай ережелер енгізілген", – деп түсіндірді сенатор.

Сондай-ақ, Қожаевтың айтуынша, жүргізушілерді осы ереже бойынша жауапқа тарту үшін нақты дәлелдер қажет.

Фото: depositphotos.com