Taulik.kz | Тәулік бойы ақпарат тарату алаңы | Тәулік жаңалықтары | Бүгінгі жаңалық RU search
20 қаңтар, 2025 / Көрместі Көрген / Қоғам

Талғар трагедиясы: Қазақстанда ең көп қылмыс жасалған қалалар тізімі анықталды

2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда қылмыс деңгейінің төмендеу үрдісі байқалды.

Талғар трагедиясы: Қазақстанда ең көп қылмыс жасалған қалалар тізімі анықталды
Фото: Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мәліметтеріне сәйкес, жалпы қылмыс көрсеткіші 5,3 пайызға төмендеп, 140 272 жағдайдан 132 778 жағдайға дейін азайған.

Дегенмен, кейбір өңірлерде қылмыс санының өсімі тіркелген. Атап айтқанда:

  • Маңғыстау облысында – 12,2 пайызға (3097-ден 3474-ке);
  • Атырау облысында – 8,5 пайызға (4283-тен 4647-ге);
  • Павлодар облысында – 5,6 пайызға (5039-дан 5322-ге);
  • Қызылорда облысында – 4,6 пайызға (2871-ден 3003-ке);
  • Ұлытау облысында – 2,8 пайызға (1278-ден 1314-ке);
  • Алматы облысында – 1,6 пайызға (10223-тен 10385-ке);
  • Ақмола облысында – 0,7 пайызға (5084-тен 5120-ға).

Қылмыстың ең жоғары көрсеткіштері Алматы қаласында – 24 965 жағдай (18,8 пайыз), Астана қаласында – 17 339 жағдай (13,1 пайыз), сондай-ақ Алматы облысында – 10 385 жағдай (7,8 пайыз) және Қарағанды облысында – 7 562 жағдай (5,7 пайыз) тіркелді.

Қылмыстық құқық бұзушылықтардың құрылымына келетін болсақ:

  • Алаяқтық – 34 пайыз (45 156 жағдай);
  • Ұрлық – 23 пайыз (30 593 жағдай);
  • Есірткі қылмысы – 6,3 пайыз (8 363 жағдай);
  • Тонау – 1,2 пайыз (1 551 жағдай);
  • Бұзақылық – 1,2 пайыз (1 615 жағдай);
  • Мал ұрлығы – 0,8 пайыз (1 051 жағдай);
  • Адам өлтіру – 0,4 пайыз (566 жағдай);
  • Зорлау – 0,3 пайыз (421 жағдай);
  • Басқа құқық бұзушылықтар – 32,7 пайыз (43 462 жағдай).

Жеңіл қылмыстар саны 7,6 пайызға (21 826-дан 20 178-ге), орташа ауырлықтағы қылмыстар 16,8 пайызға (58 874-тен 48 992-ге), ал ауыр қылмыстар 2,2 пайызға (37 548-ден 36 736-ға) азайды.

Ұрлық санаты бойынша да айтарлықтай төмендеу байқалды:

  • Жалпы ұрлық саны 28,3 пайызға (42 639-дан 30 593-ке);
  • Ұялы телефон ұрлығы 30,9 пайызға (10 530-дан 7 273-ке);
  • Пәтер ұрлығы 33,5 пайызға (3 566-дан 2 377-ге);
  • Көлік ұрлығы 42,2 пайызға (258-ден 149-ға);
  • Мал ұрлығы 30,9 пайызға (1 520-дан 1 051-ге) азайды.