Taulik.kz | Тәулік бойы ақпарат тарату алаңы | Тәулік жаңалықтары | Бүгінгі жаңалық RU search

Ақтөбелік емші келушілерге 100 млн теңгеге жуық несие алғызған

Ақтөбеде дәстүрлі емес емші 30-ға жуық адамды несие алуға мәжбүрлеген.

Ақтөбелік емші келушілерге 100 млн теңгеге жуық несие алғызған
Фото: myprofession.kz

Ақтөбе қаласында өзін емші ретінде таныстырған әйел 30 шақты адамды түрлі сылтаумен несие алуға көндіріп, олардың қаражатын иемденгені белгілі болды, деп хабарлайды Taulik.kz.

Ақтөбе облыстық полиция департаментінің мәліметінше, күдіктіге қатысты «Аса ірі көлемде алаяқтық жасау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Тергеу барысында емші ретінде танылған әйел ем алуға келген азаматтарды сырқат баласын емдетуге, мешіт құрылысына үлес қосуға, сондай-ақ жаңа массаж салонын ашуға қаражат қажет деген сылтаумен несие алуға көндірген. Жәбірленушілердің әрқайсысы 1 миллионнан 18 миллион теңгеге дейін онлайн несиелер рәсімдеп, қаражатты күдіктінің есепшотына аударған. Әйел алынған несиелерді өзі өтейтінін уәде еткенімен, уәдесінде тұрмаған.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, келтірілген залал көлемі 100 миллион теңгеге жуықтаған. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеушілер оқиғаға байланысты қосымша жәбірленушілердің бар-жоғын және күдіктінің ақшаны қандай мақсаттарға жұмсағанын анықтауда.