Өткiр жүздi келедi,
Өте қажет құрал ол.
Тұтас затты бөледi,
Ұсақтап та тұрар ол.
Жауабы: пышақ.
***
Ыстықты суытпайды,
Суықты жылытпайды.
Жауабы: термос.
***
Мөлдiр түрi,
Шеңбер түрi.
Аузы тарлау,
Шыны күбi.
Жауабы: құмыра.
***
Сабы бар,
Басы шатыр.
Табысын өлшеп әкеп,
Құдыққа тасып жатыр.
Жауабы: қасық.
***
Отқа қойсаң елпiлдеп,
Быж-быж етiп тұншығар.
Тақиясы селкiлдеп,
Танауынан бу шығар.
Жауабы: шәйнек.
***
Аузы төбесiнде,
Тұтқасы денесiнде.
Жауабы: құман.
***
Күмiс күбi –
Ортасында құбыры бар,
Тесiк түбi.
Жауабы: самаурын.
***
Көлшiкте жүзiп
Түбiн шарлап шығады.
Қауғасы сүңгiп,
Балығын аулап шығады.
Жауабы: кепсер.
***
Құлағы бар қалқиған,
Аузы бар аңқиған.
Шығып алып ерте-кеш,
Төрт аяққа талтиған,
Қыздырады жалынға
Дәу қарынын қампиған.
Жауабы: қазан.
***
Терi құдық қауғасын,
Тарттым да,
Қанып iштiм дәмдi асын.
Жауабы: саба.
***
Қара сиырым қарап тұр,
Қызыл сиырыс жалап тұр.
Жауабы: қазан, от.
***
Кесе, шыны, пиала –
Оларсыз шай құяма?
Қасықсыз тамақ жемейді,
Бәрінің атын не дейді?
Жауабы: ыдыс.