logo
search
menu

AIU университетінде ақпараттық-танымдық семинар өтті

AIU университетінде «Менің туым – менің Отаным» акциясы аясында ақпараттық-танымдық семинар өтті. 

12 ақпан, 2025
AIU университетінде ақпараттық-танымдық семинар өтті

Мазмұны

    Астана халықаралық университетінде «Менің туым – менің Отаным» патриоттық акциясы аясында ақпараттық-танымдық семинар өтті.

    Іс-шараға «Геральдикалық зерттеулер орталығы» мамандары, AIU университетінің оқытушылары мен студенттер қатысты.

    «Геральдикалық зерттеулер орталығының» ведомстволық және өзге де наградаларды сараптау бөлімі басшысы Әділхайыр Мырзаханов орталықтың қызметімен таныстырып, жалпы геральдика саласының мәні мен маңызы туралы баяндады.

    Геральдикалық зерттеулер бөлімінің басшысы Асылжан Бижанов «Мемлекеттік рәміздер тарихы» тақырыбында баяндама жасап, мемлекеттік рәміздерді ұлттық құндылық тұрғысынан насихаттаудың маңыздылығын атап өтті. Өз кезегінде Ведомстволық және өзге де наградаларды сараптау бөлімінің бас маманы Сұлтан Оразаев «Мемлекеттік рәміздерді пайдалану тәртібі» тақырыбында сөз сөйлеп, заңнамаға сәйкес мемлекеттік рәміздерге қатысты жауапкершілік түрлерін кеңінен түсіндірді.

    Сонымен қатар, «Қазақ геральдикасы: көне дәуір және бүгін» атты суреттер көрмесі мен Геральдикалық зерттеулер бөлімінің бас маманы Айгүл Ермекованың жеке коллекциясынан әлемдік банкноттар мен нумизматика көрмесі ұйымдастырылды.

    Іс-шара соңында рәміздер тарихына қатысты квиз интелектуалдық ойыны ойнатылып, белсенділік танытқан студенттерге естелік сыйлықтар табысталды.

    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы