logo
search
menu

«Адал сатушы?» – Айнұр Таңжарыққызы деген кім?

«Адал сатушы» атымен танымал Айнұр Таңжарыққызы деген кім? Біз ол кісімен жақынырақ танысуға тырыстық.

17 наурыз, 2025
«Адал сатушы?» – Айнұр Таңжарыққызы деген кім?
Taulik.kz

Мазмұны

    Бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербеткен қазақ әйелдері көп екенін білсек те, айтуға, насихаттауға келген кезде кенже қалатынымыз өтірік емес. Тарихты, кешегі өткен күнді айтпағанда, дәл іргемізде, қасымызда отбасының күйбең тіршілігіне де, өз ісінің жолын тауып, адасып кетпей шамшырақ болып келе жатқан қыз-келіншектер бар. Солардың бірі – Айнұр Таңжарыққызы.

    Сұхбат барысында Айнұр Таңжарыққызының қайсарлығын, оның еңбекке деген махаббатын көрдік. «Қызылды-жасылға қызығып жүретін уақытым жоқ» деген Айнұрдың сөзінше, ол қазіргі косметика саласына өзінің басынан өткен оқиғадан кейін келген. Ендеше сол оқиғамен етене танысу үшін кейіпкердің өзімен сөйлесіп көрейік.

    СҰРАҚ: Айнұр Таңжарыққызы, өзіңіз туралы айтып берсеңіз.

    Айнұр Таңжарыққызы:  Жасым 30-да. Отбасым бар. Күйеуім IT саласының маманы. Үлкен бір әулеттің келінімін. ШҚО Зайсан ауданы, Көкжыра ауылынан шықтым. Семейде университетті «журналистика» мамандығы бойынша аяқтадым. Бойжеткен шағымда өлеңге құмар болдым. Шағын кітабым да шыққан. ШҚО өңірінде түрлі мүшайраға қатысып, жүлделі орындар алдым. Қан қуып келген тегім болар, бір жерде отыру, проблема шешу деген кезде алдыма жан салмайтын пысық болдым. 2020 жылы пандемия кезінде Астанаға көштік. Жолдасым осы жақтан тұрақты жұмыс тауып, мен де бірге ілесіп келдім.

    Айнұр Таңжарыққызы

    СҰРАҚ: Әлеуметтік желідегі пікірлерді оқып шықтық. Клиенттеріңіздің дені сізді «Адал сатушы» деп атайды екен. Оныңызды тікелей эфирлеріңізге арнайы кіріп көріп те байқадық. Косметика саласына қалай келдіңіз?

    Айнұр Таңжарыққызы:  Дәл қазір салмағым 48 келі. Осыдан бірнеше жыл бұрын менің салмағым 66 кг болған. Тым томпақ едім. Артық салмағымды айнаға қарап-ақ білетінмін. Арылғым келді, бірақ қолымнан бірден келмеді. Ең ақыры жолдасыма дейін «өзіңе неге қарамайсың» деген сөз айтылды. Қыз болған соң артық салмақ туралы, өзіңе деген күтім туралы жолдасың айтып тұрғаннан кейін, шын намыстандым. Жолдасым жұмыста, мен үйде болдым. Әдетке айналдырған ермегім күніне 15-20 мың қадам жүру. Осылай жүре беріп, Астананы жаяу танып алдым десем де болады (күлді). Ауылда ең өтімді ас – нан. Сондықтан наннан да толық бас тарттым. Қазір мүлде нан жемеймін. Осылай айлап жүріп, ақыры 48 келіге топ ете түстім. Артық салмақ кетті, қуандым. Алайда артық салмақпен күресіп жүріп бетіммен жұмыс істеуді ұмытып кеттім. Ол тіпті ойымда да болмаған. Себебі менің томпақ бетім артық салмақпен бірге кеткен кезде арты әжімге айналып кетті. Сенесіз бе, ол кезде жасым әлі отызға жетпеген, бірақ 60-тан асқан үлкен әйел секілді жүзім солып қалды. Жыладым. Бір проблеманы шешкен кезде екіншісі шықты. Ең жаманы да сол, ол көзге ұрып тұратын.

    БЕТІМДІ КҮТЕМІН ДЕП ЕҢ ҮЛКЕН ҚАТЕЛІК ЖАСАДЫМ

    Әжімді кетіру үшін интернеттен қарамаған өнімім жоқ. Бірінің бағасы удай, бірінің бағасы тым арзан. Арзанға ұрынғым келмеді, қымбаттарын көрдім, бірақ нәтиже мүлде болмады. Сомен массаж жасау деген ой келді. Күнде отырып, өзім білген әдіспен массаж жасайтын едім. Ең үлкен қателігім де осы болды. Өйткені массаждан кейін бетімдегі әжім кетудің орнына тереңдеп, одан сайын салбырап кетті. Әр нәрсені бір көріп жүрген кезде бетке арнайы аналған массаж жасайтын массжер барын білдім, сатып алып, пайдаландым. 3-4 айдың ішінде солып қалған бет қалпына келді. Әжімдер де ақырында тереңдетуін тоқтатты. Бір массажердің бетті толық әрлендіріп жібермейтінін түсінген соң, бұған қосымша пайдаланатын өнім іздедім. Алдымнан «бандаж» дейтін бетке арналған маска шықты. Кейін «сары масканы» көрдім. «Сары маска» деп алған менің клиенттерім ғой, өзінің атауы «коллаген маскасы». Осы өнімдерді пайдаланып жүріп, жүзім жарқырады. Жолдасым түгілі, суретімді көрген ағайын-туыс та сұрай бастады. «Қайдан алдың?», «қалай қолдандың?» деген сұрақтар легі бір күні менің басымда «неге сатпасқа?» деген ойды әкелді. Дәл осылай өзім қолданып көрген, толық тәжірибеден өткізген өнімдерді әкеліп, алдымен жақындарыма, сосын халыққа арнап саттым. Солай косметика, соның ішінде бет күтімі, тері күтімі деген салаға топ ете түстім.

    Айнұр Таңжарыққызы

    СҰРАҚ: Сіздің «бандаж», «сары маска», «массажер», «тейп» деген өнімдеріңізді кез келген жерден сатып алуға болады. Алайда тиктоктағы оқырмандарыңыз сізге имандай сенім артады. Неге? Ол қандай құдірет?

    Айнұр Таңжарыққызы: Иә, мен сатып отырған өнімдерді кез келген жерде алуға болады. Мәселе өнімде емес. Мен алдыма келген клиентке тегін консультация беремін. Нарықта қазір «тегін» деген нәрсе жоқ қой. Алайда 50-ден асқан, ауыл-аймақта тұратын апаларға, егде жастағы әйелдерге біреу өнімді қалай пайдалану керек екенін түсіндіріп беру керек қой?! Олар да білуге құқылы. Ал біз әкеліп, бас-аяғы жоқ «сату керек» деп келсін-келмесін басып қалуға тырысамыз. Клиентпен ең алдымен толық жұмыс жүргіземін. Бұған дейінгі өнімдерін қараймын, танысамын. Сосын проблемасын тыңдаймын, кейін мендегі өнімдерді ұсынамын. Бір қызық айтайын, егер мендегі өнімді әлеуметтік желіден келіп, «жоқ осыны алам» деп тұрса да, ол өнім оған дәл қазір керек болмаса, пайда бермесе, «оны алмаңыз», «алдымен мынадан бастаңыз» деп ашық түрде, адал әрі шынайы түрде ұсынамын. Ол нәтижесін көрген соң қайта келеді. Келген кезде ғана мен оған өзі алғысы келген өнімді енді алуға болатынын айтамын. Қарап тұрсаңыз, алып бара жатқан құдіреті жоқ. Тек адал деген атқа лайық болғым келді, болды.

    Айнұр Таңжарыққызы

    ӘР КЕЛГЕН КЛИЕНТТЕН ЕСТИТІН СӨЗІМ – «МЕН АЛДАНЫП ҚАЛДЫМ!»

    Уақыт зымырап жатыр. Әлеуметтік жағдай мәз емес. Содан кейін болар адамдар, әсіресе, әйелдер тез шешім қабылдаймын деп ұрынып қалады. Менің алдыма келген әр клиенттен еститім сөзім біреу-ақ, ол – «мен алданып қалдым!» деп айтады. Рас, алаяқтар көбейген заманда алданып қалу деген қазір екінің бірінің басында болып жатыр. Ал сіздің бетіңізге, теріңізге керек өнімге келген кезде алданып қалуы болмайды. Себебі ол бір рет үлкен зақым алды ма, қайта қалпына келуі қиын. Мәселен, айтайын, клиенттерім көбінесе әжімнен құтылғысы келеді де, алып жатқан кремнің сыртында «ылғалдандыратын» деген сөзді оқып тұрып, «мынау әжім кетіреді екен» деп сатып алады. Алайда ол әжім кетірмейді.

    ӘЖІМ КЕТПЕЙДІ. БҰЛ – ФАКТ.

    Бір нәрсе айтайын, оқырмандарға ауыр болса да, әжім кетпейді. Бітті. Бұл – факт. Әжіммен жұмыс жасаған кезде ескеретін екі-ақ ереже бар:

    1. Әжімнің тереңдеуін тоқтатуға болады;
    2. Тереңдеуің тоқтаған әжімді азайтуға болады.

    Бұл дегеніміз бар әжім жоғалып кетеді, мүлде әжім болмайды деген сөз емес. Сізде әжім қалады, бірақ білінбеуі мүмкін. Әрине, қазіргі дамыған медицинада әртүрлі жолмен әжімді жоғалтуға болатын шығар, бірақ косметикада, соның ішінде бет күтімінде «әжімді кетіретін өнім сатамын» деген адамға алданбаңыздар.

    Айнұр Таңжарыққызы

    СҰРАҚ: 2 жылдан бері осы кәсіппен айналысып келесіз. Осы екі жыл ішінде клиенттеріңізге не бере алдыңыз? Яғни айтқым келгені өнімнен басқа?

    Айнұр Таңжарыққызы: Меніңше, ең бірінші СЕНІМ бере алдым деп ойлаймын. Себебі 2 жылдан бері менімен тұрақты жұмыс істеп келе жатқан, ай сайын өнім алатын Қазақстанның әр өңірінен жиналған 450 клиентім бар. Орташа жастары 40-тан асқан әйелдер. Арасында ерлер де бар. Осы адамдарға деген адалдығым, жыл сайын тағы басқа клиенттердің келуіне әсер етіп отыр.

    Екіншіден, менің тұрақты клиенттерім осы екі жыл ішінде бет күтіміне байланысты сауатты болды десем, артық айтқаным емес. Олар: бет күтімінде сауатты, қандай өнім таңдау керек екенін біледі, нәтижені қысқа уақытта қалай шығаруға болатынын да түсінеді. Бұдан артық жауап та бермейтін шығармын, себебі осы екеуінің өзі саудадағы берекенің кілті екеніне сенемін.

    Клиенттердің пікірі. Айнұр Таңжарыққызының жеке архивінен алынды.

    СҰРАҚ: Біздің қоғамда кәсіп ашып, отбасына да көңіл бөліп отырған әйелдерге тағар айып көп. Сіз әр күніңізді өз офисіңізде, эфирде, сыртта өткізесіз. Бұл отбасындағы берекеге әсер етпей ме? Бірнеше ай бойы сізді зерттеп, бақыладық. Ендігі сұрағым мынау: үйдегі Айнұр кім?

    Айнұр Таңжарыққызы: Үйдегі Айнұр сол Айнұр. Мен үйімнің босағасын аттаған кезде жұмысты, кәсіпті ұмытамын. Иә, клиенттермен 24/7 байланыста боламын, бірақ отбасында жар, әйел екенімді ұмытпаймын. Егер күйеуім түнде 2-де ет асып бер десе, асып беремін. Тамақ дайындау қолымнан келеді. Үй шаруасын да істеймін. Ата-енемнің үйіне барған кезде кәдімгі келінмін. Ал кәсіпте Айнұр Таңжарыққызымын. Біздің үйде «келін орныңды біл» деген нәрсе жоқ. Жолдасым ісіме қолдау көрсетпесе, артқа тартқан емес. Иә, елдің алды емес шығармын, бірақ арты да емеспін. Ортасында тыныстап жүрген әйелдің бірімін. Тек айтарым біреу-ақ: бет күтіміне келген кезде абай болыңыздар. Бұл базардан көріп қалып, сатып ала салатын зат емес.

    Сұхбатыңызға рақмет!

    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы