logo
search
menu

Президент «түлкі аулау» операциясын басқарған адамды қабылдады

Президент Қытай Коммунистік партиясы Орталық комитеті Халықаралық байланыстар бөлімінің меңгерушісі Лю Цзяньчаоны қабылдады.

Бүгін, 17:23
Президент «түлкі аулау» операциясын басқарған адамды қабылдады
Коллаж: taulik.kz

Мазмұны

    Мемлекет басшысы Қытай Коммунистік партиясы Орталық комитеті Халықаралық байланыстар бөлімінің меңгерушісі Лю Цзяньчаоны қабылдады.

    Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ-қытай мәңгі әрі жан-жақты стратегиялық серіктестігі қарқынды дамып келе жатқанын және болашақта да осы бағыттан айнымайтынын атап өтті.

    Президент маусым айында екінші «Орталық Азия – Қытай» саммитіне қатысу үшін Астанаға келетін ҚХР Төрағасының сапары аясында стратегиялық серіктестіктің жаңа мүмкіндіктері айқындалатынына сенім білдірді.

    Мемлекет басшысы Төраға Си Цзиньпиннің халықаралық құқықтың негізгі қағидаттары мен БҰҰ Жарғысына сай әділ әлемдік тәртіпті қалыптастыруды көздейтін жаһандық бастамаларын қолдайтынын жеткізді. Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің «біртұтас Қытай» саясатына бейіл екенін растады.

    Лю Цзяньчаоның айтуынша, Қытай Қазақстанды стратегиялық тұрғыдан маңызды серіктес ретінде қарастырады және қазақ-қытай мәңгі әрі жан-жақты әріптестігін тереңдетуге ерекше мән береді.

    Кездесу барысында сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты нығайту жолдары талқыланды.

    Айта кету керек, Лю Цзяньчао Қытайда "Түлкі аулау" (Fox Hunt) деп аталатын арнайы операцияны басқарған. Бұл операция — Қытай үкіметінің шетелге қашып кеткен жемқор шенеуніктер мен экономикалық қылмыскерлерді іздеп тауып, елге қайтаруға бағытталған халықаралық кампаниясы.

    "Түлкі аулау" операциясы туралы қысқаша:

    Басталған жылы: 2014 жылы.

    Бастамашысы: Қытай Коммунистік партиясының Орталық тәртіптік тексеру комиссиясы және Қоғамдық қауіпсіздік министрлігі.

    Мақсаты: Шетелге заңсыз жолмен ақша шығарып, тығылған жемқор шенеуніктерді, бизнесмендерді және экономикалық қылмыскерлерді тауып, Қытайға қайтару.

    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы