logo
search
menu

Мұғалімнен 1.2 млн теңге бопсалап, күдікке ілінген шымкенттік блогер екен

Шымкенттік блогер мұғалімнен 1,2 млн теңге бопсалады деп күдікке ілінді. 

Бүгін, 11:21
Мұғалімнен 1.2 млн теңге бопсалап, күдікке ілінген шымкенттік блогер екен
Фото: блогер ұсталған сәттен скрин

Мазмұны

    ШЫМКЕНТ, 21 сәуір — Шымкент қаласында блогер мұғалімнен 1,2 миллион теңге көлемінде ақша бопсалады деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы қалалық полиция департаменті мәлімдеді.

    Оқиға бойынша полицияға қаладағы жалпы білім беретін мектептердің бірінде жұмыс істейтін мұғалім жүгінген. Оның айтуынша, медиа кеңістікте танымал азамат блогерлік мәртебесін пайдаланып, беделіне нұқсан келтіретін ақпаратты жариялаймын деп қорқытқан. Сол арқылы ақпаратты таратпаудың өтемі ретінде 1,2 миллион теңге талап еткен.

    "Шымкент қалалық Полиция департаментінің қызметкерлері азамат С.-ны ірі көлемде ақша бопсалау фактісі бойынша ұстады. Қазіргі таңда қажетті тергеу амалдары жүргізілуде", – деп хабарлады ведомство.

    Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің тиісті бабы бойынша іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

    Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы