logo
search
menu
Қазақ боксшыларына «Алланың қалауымен» деуді қою керек – Ақшалов (ВИДЕО)
Коллаж: taulik.kz

Қазақ боксшыларына «Алланың қалауымен» деуді қою керек – Ақшалов (ВИДЕО)

Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген спорт шебері. 2013 жылғы Әлем чемпионы, Азия чемпионы. 2010 жылғы Әскерилер арасындағы Әлем чемпионы. 2013 жылғы Азия құрлығының ең үздік боксшысы. 2013 жылғы Қазақстанның «Жыл спортшысы». 2008 жылғы Олимпиада ойындарының қатысушысы Мерей Ақшалов «Бірініш бол» Youtube арнасына берген сұхбатында осылай деді деп хабарлайды, Taulik.kz.

Ақшаловтың айтуынша, қазақ боксшылары жекпе-жектен кейін бәрін Аллаға ысырып тастайды. Тіпті жеңіліп, дұрыс жекпе-жек өткізбесе де, бәрін әкеліп «Алланың қалауымен» деп жауып қояды дегенді айтады.

Әлем чемпионы «Алланың қалауымен» деп айту үшін адам амалын жасау керек деп бірнеше амалды, боксшыға керек маңызды істерді тізіп берді.