logo
search
menu
Газа тұрғындарын Қазақстанға көшіріп әкеле ме? – СІМ жауабы
Фото: ашық дереккөз

Газа тұрғындарын Қазақстанға көшіріп әкеле ме? – СІМ жауабы

Әлеуметтік желілерде Газадағы тұрғындардың 2026 жылы Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстанға көшірілетіні туралы ақпарат тарады.

Threads әлеуметтік желісінде жарияланған хабарламада Сауд Арабиясының ханзадасы Газадағы тұрғындарды кезең-кезеңімен эвакуациялап, оларды аталған үш елге орналастыру туралы мәлімдегені айтылған.

Алайда, Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі бұл ақпаратты ресми түрде жоққа шығарды. Министрлік өкілдері хабарламада айтылған мәліметтердің шындыққа жанаспайтынын және тұрғындарды көшіру туралы сөз болмайтынын атап өтті.

«Бұл жаңалық шындыққа сәйкес келмейді. Тек ресми ақпаратқа сенуіңізді сұраймыз», — деп мәлімдеді ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.