logo
search
menu
Президент жарлығымен Антикор қайта құрылды: не өзгерді?
Фото:

Президент жарлығымен Антикор қайта құрылды: не өзгерді?

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Қазақстандағы Антикоррупциялық қызмет (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі) қайта құрылып, енді Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрамына қосылады. Жаңа құрылым «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі» деп аталатын болады.

Жарлыққа сәйкес, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы саясат жүргізу міндеті Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне жүктеледі. Осылайша, аталған агенттік бұрынғы Антикордың бір бөлігінің құқықтық мұрагері болып танылады. Ал тергеу және жедел-іздестіру бағытындағы функциялар ҰҚК-ге өтеді.

Сонымен қатар, жаңа тәртіп бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Президентке тікелей бағынатын орган мәртебесінен шығарылады.

Үкіметке 1 қыркүйекке дейін осы өзгерістерге қатысты тиісті заң жобасын Парламентке енгізу тапсырылды.

Бұл шешім мемлекеттік аппараттағы тиімділікті арттыру, құқық қорғау құрылымдарын оңтайландыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тәсілдерін жүйелеу мақсатында қабылданды.