logo
search
menu
Әзербайжан ресейлік барлық мәдени іс-шарадан бас тартты
Фото: ашық дереккөз

Әзербайжан ресейлік барлық мәдени іс-шарадан бас тартты

Баку, 2025 жылғы маусым. Әзербайжанның Мәдениет министрлігі Ресейде этникалық әзербайжандарға қатысты полиция әрекеттерінен кейін елде Ресейдің қатысуымен өтетін барлық мәдени іс-шаралардың тоқтатылғанын хабарлады. Бұл туралы министрлік ресми мәлімдеме таратты.

Концерттер, фестивальдер, спектакльдер мен көрмелер — ресейлік мемлекеттік және жеке ұйымдар өткізбек болған барлық мәдени бағдарламалар енді жоспардан алынып тасталды. Билеттер сатып алған азаматтар оларды қайтарып, ақшасын ала алады.

Мәдениет министрлігінің хабарлауынша, бұл шешім Ресейдің Свердлов облысы, нақтырақ айтқанда Екатеринбург қаласындағы әзербайжан ұлты өкілдеріне қарсы жасалған заңсыз рейдтер мен күш қолдану әрекеттерінебайланысты қабылданған.

«Соңғы уақытта Ресей құқық қорғау органдары тарапынан этникалық негіздегі қудалау мен сотсыз, қасақана күш қолдану әрекеттері жүйелі сипат ала бастады», — делінген министрлік мәлімдемесінде.

Ресей шенеунігінің сапары да тоқтатылды

Әзербайжан Ұлттық жиналысының депутаты Нигяр Мұхаммедованың айтуынша, Ресей вице-премьері Алексей Оверчуктың осы айға жоспарланған Әзербайжанға сапары жойылды.

«Бұл – Әзербайжан үкіметінің Ресей тарапынан болған күш көрсетулерге жол берілмейтінін ашық білдіруі. Қазіргі жағдайды ескере отырып, ресейлік кез келген жоғары лауазымды тұлғаның сапарына қажеттілік жоқ», — деді депутат.

Әзербайжан Ресейге ресми наразылық білдірді

Бұған дейін Әзербайжан Сыртқы істер министрлігі Ресей тарапына ресми наразылық нотасын жолдаған. Бұл наразылық Екатеринбург қаласында жүргізілген рейдтерге — әзербайжандық мигранттардың тұратын үйлерінде жүргізілген тінту және ұстау әрекеттеріне байланысты туындады.

Баку Мәскеудегі Ресейдің уақытша сенімді өкілін Әзербайжан Сыртқы істер министрлігіне шақырып, жағдайға байланысты ресми қарсылық білдіріп, этникалық негіздегі зорлық-зомбылықты тоқтатуға шақырды.