Израиль жасаған соққыдан Газада жалпы қаза болғандар саны 56 мыңнан асты
Газа секторындағы Палестина Денсаулық сақтау министрлігі таратқан ресми дерекке сәйкес, 2023 жылғы 7 қазаннан бері Израиль әскерінің шабуылдарынан қаза тапқан палестиналықтардың жалпы саны 56 531 адамғажетті.
Тек соңғы тәуліктің ішінде 28 адам мерт болған, тағы 223 адам жараланған. Бұл – аймақтағы қарулы қақтығыстың тоқтамағанын және адам шығынының күн сайын артып жатқанын көрсетеді.
Министрліктің хабарлауынша, 2024 жылғы 18 наурыздан бастап, яғни 19 қаңтарда күшіне енген атысты тоқтату туралы келісімнің бұзылуынан кейін 6 203 адам қаза тауып, 21 601 адам жараланған.
Сонымен қатар, мыңдаған адамның денесі қиранды астында қалып қойған. Қазіргі таңда бұл адамдардың тағдыры белгісіз.
Осылайша, жалпы жараланғандар саны – 133 642 адамға жетті.
Бұл сандар Израиль мен Палестина арасындағы жанжалдың бұрын-соңды болмаған адам шығынымен жалғасып жатқанын көрсетеді. Халықаралық ұйымдар тараптарды атысты тоқтатуға және бейбіт келіссөздерді қайта бастауға шақырып отыр.