Арабтар Трамппен Ақ үйде құпия кездесу жасаған
Сауд Арабиясының Қорғаныс министрі Халид бен Салман Әл Сауд 3 шілде күні АҚШ-тың экс-президенті Дональд Трамппен және Ақ үйдің бірқатар жоғары лауазымды тұлғаларымен құпия кездесу өткізді. Бұл туралы Fox News өз дереккөздеріне сілтеме жасап хабарлады.
Кездесуде Таяу Шығыстағы шиеленістерді, атап айтқанда, Иранмен арадағы жағдайды жұмсарту мәселесі талқыланған. Сондай-ақ тараптар Газа секторындағы соғысты тоқтату және қалған тұтқындарды босату бойынша пікір алмасқан.
Fox News мәліметінше, Сауд Арабиясы мен АҚШ арасында қорғаныс пен сауда саласын қамтитын ауқымды келісімге қол қою қарсаңында тұр. Бұл мәміле Таяу Шығыстағы геосаяси тепе-теңдікке және Иранмен қарым-қатынасқа айтарлықтай әсер етуі мүмкін.
Сарапшылар бұл келіссөздерді Сауд Арабиясының АҚШ-пен стратегиялық әріптестігін нығайту және аймақтағы ықпалын арттыру әрекеті ретінде бағалап отыр.