Илон Маск ресми түрде су жаңа саяси партияны тіркеуге өтініш берді
АҚШ-тың әйгілі миллиардері Илон Маск «Америка» атты жаңа саяси партияны тіркеу үшін елдің Федералды сайлау комиссиясына (FEC) ресми түрде өтініш берді.
АҚШ Федералды сайлау комиссиясының ресми порталында жарияланған құжатқа сәйкес, «Америка партиясы» (America Party, қысқаша AMEP) 2025 жылдың 6 шілдесінде тіркеуге өтініш жолдаған.
Қазіргі таңда партияның өтініші ведомствоның мәліметтер базасында «өңделмеген» деген мәртебемен тұр.
Масктың бұл қадамы АҚШ-та алдағы президенттік сайлау алдындағы саяси кеңістікте жаңа қозғалыстың бастамасы болуы мүмкін деген болжам туғызды. Алайда миллиардердің өзі партияның мақсаты мен бағыты туралы нақты мәлімдеме жасаған жоқ.
Айта кетейік, Илон Маск соңғы жылдары түрлі саяси тақырыптарда ашық пікір білдіріп, АҚШ-тағы екі партиялы жүйені жиі сынаған болатын.