15 жастағы екі жасөспірім теракт жасамақ болған (ВИДЕО)
Солтүстік Осетияда жасы 15-тегі екі жасөспірім құқық қорғау органдарына қарсы теракт жасауды жоспарлағаны үшін ұсталды, деп хабарлайды Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметінің (ФҚҚ) аймақтық басқармасы.
ФҚҚ мәліметі бойынша:
Жасөспірімдер жарылғыш зат жасау бойынша нұсқаулықтарды жабық мессенджер арқылы оқып, үй жағдайында қолдануға арналған компоненттерді сатып алған.
Тінту барысында олардың үйінен жарылғыш зат жасауға қажетті материалдар тәркіленген.
Тергеу органдары бұл әрекеттерді теракт ұйымдастыруға дайындық ретінде қарастыруда.
Ұсталғандар қазіргі уақытта қамауға алынды, олардың үстінен қылмыстық іс қозғалды. Жасөспірімдердің радикалды идеологияға қалай тартылғаны және кімдермен байланыста болғаны тергелуде.
ФҚҚ осындай жағдайлардың жиілеп бара жатқанына алаңдаулы екенін айтып, ата-аналар мен мұғалімдерді балалардың интернеттегі белсенділігіне мұқият болуға шақырды.