Баласын 80 мың теңге үшін қатыгездікпен өлтірген әке – оқиғаның жалғасы
Әлеуметтік желілерде кең тараған, баласын аяусыз ұрып, көлікке байлап сүйреген әке туралы видео Тәжікстан билігінің ресми реакциясын тудырды. Ішкі істер министрлігі (ІІМ) 26 шілдеде Турсунзаде қаласындағы Навобод жамағатында болған бұл қанды оқиға туралы алғаш рет түсініктеме берді.
ІІМ мәліметінше, 40 жастағы тұрғын 15 жастағы ұлын ақша ұрлады және насвай қолданды деп күдіктеніп, оны «жазалау» мақсатында ауыр күш қолданған. Тергеу нұсқасына сай, әкесі баласын мамыр айында 800 сомони, ал шілде басында тағы 600 сомони алғаны үшін айыптаған.
Ол баланы иен далаға апарып, аяқтарын кабельмен байлап, көлікке тіркеп, шамамен 100 метр жерге сүйреген. Нәтижесінде бала ауыр дене жарақатын алып, біраз уақыттан кейін үйінде көз жұмған.
Аталған іс бойынша Тәжікстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 110-бабы, 3-бөлігі — қасақана ауыр дене жарақатын салу, адам өліміне әкеп соққан — бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл бап бойынша 12 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Ресми дереккөздер күдіктінің есімін атамағанымен, әлеуметтік желі қолданушылары бұл оқиғаны бұрын «Парвиз ТВ» парақшасында жарияланған бейнежазбамен байланыстыруда. Аталған медиа-топтың Тәжікстан Ұлттық қауіпсіздік комитетіне жақын екені де айтылуда.
Бұған дейін бұл оқиға туралы жазған болатынбыз: Әкесі өз ұлын итше сабап, көлік артына байлап сүйреген (ВИДЕО)