logo
search
menu
Заңды некедегілер кредитті төлемесе болады екен – бұл қалай? (ВИДЕО)
Фото: коллаж Taulik.kz

Заңды некедегілер кредитті төлемесе болады екен – бұл қалай? (ВИДЕО)

2024 жылдың күзінде несиені заңды некедегі әйелінің рұқсатынсыз алғандар оны төлемейді деп видео жазба қалдырған желі қолданушысының мәлімдемесі қызу талқыланып жатыр.

"Заңды некеде бар жандар. Сіздерге керемет жаңалық. Сіздерге бұл мүмкіндік", – деген желі қолданушысы заңды некеде тұрған азаматтардың кредитті төлемеуіне болатынын айтады. Оның айтуынша, егер 2024 жылдың күзінен бастап биыл осы аралыққа дейін 3 млн теңгеден асатын несие алған болсаңыздар, оның әйеліңіздің келісімінсіз рәсімдеген болсаңыз, төлемеуге құқыңыз бар деп отыр.