logo
search
menu
Сүйінші! Еліміздің бас педагогы мұғалімдерге қуанышты жаңалықты жеткізді
primeminister.kz. Суретте: Ғани Бейсембаев

Сүйінші! Еліміздің бас педагогы мұғалімдерге қуанышты жаңалықты жеткізді

Алматыда өткен дәстүрлі қалалық педагогикалық конференцияда ұстаздарға қатысты бірқатар маңызды бастамалар таныстырылды. "Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман" тақырыбында ұйымдастырылған жиынға қала әкімі Дархан Сатыбалды мен ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев қатысты, деп хабарлайды Taulik.kz.

Министрдің айтуынша, мемлекет педагогтерді қолдау мен балалардың құқығын қорғау бағытында нақты шараларды жүзеге асыруда.

"Мемлекет басшысы республикалық тамыз конференциясында мұғалімдердің құқығын қорғау мәселесіне ерекше тоқталды. Педагогтерге тән емес міндеттерді жүктеуге жол берілмейді. Егер жергілікті атқарушы органдар тарапынан заң өрескел бұзылса, прокуратура араласуға тиіс. Сондай-ақ, балалармен болған жазатайым оқиғалар үшін мұғалімдерді жазалау тәжірибесі тоқтатылады", – деді министр.

Жаңа оқу жылындағы жаңалықтар:

  • "Цифрлық сауаттылық" және "Информатика" пәндеріне жасанды интеллект элементтері енгізіледі;
  • Орта білім беру жүйесінде AI қолданудың этикалық стандарттары бекітілді;
  • Оқушыларға Day of AI онлайн-курстары, ал ұстаздарға арнайы біліктілікті арттыру бағдарламалары ұсынылады;
  • "Келешек мектептері" ұлттық жобасы аясында мектептерді басқарудың жаңа моделі іске қосылады. Қыркүйектен бастап "Жайлы мектептерде" қызмет ететін 3 мыңнан астам педагог жаңа үлгіде жұмыс істейді. Әдістемелік қолдауды Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы қамтамасыз етеді.

Сондай-ақ, 2025 жылдың қазан айында Алматыда инклюзивті білім беру жөніндегі алғашқы Дүниежүзілік конгресс өтеді. Оған шетелдік министрлер мен жетекші сарапшылар қатыспақ.

Бұдан бөлек, Абай атындағы республикалық мектеп-интернаты "Абай Ұлттық мектебі" мәртебесіне ие болу үшін қайта құрылымдалып жатыр.