logo
search
menu
Қазақстанға кірген канадалық компания не өндірмек?
ФОТО: Elements.envato.com, ill purposes

Қазақстанға кірген канадалық компания не өндірмек?

Канададағы Laramide Resources компаниясы Қазақстандағы уран өндірісіне кірді. Orda.kz мәліметінше, компания Түркістан облысында геологиялық барлау жұмыстарын бастамақ. Зерттеу тек уранды ғана емес, сонымен бірге мыс пен сирек жер металдарын да қамтиды.

Алғашқы қадам ретінде Шу–Сарысу аумағында бұрғылау жұмыстары жүргізіледі. Канадалық компания бұл жерден «экологиялық әрі экономикалық тұрғыдан тиімді игеруге болатын» ірі уран қорларын табуды көздеп отыр. Бұрғылау жұмыстары осы жылдың соңына дейін басталады деп күтілуде.

Бұл – Laramide-тің АҚШ пен Австралиядан тыс алғашқы шетелдік активі. Компания Қазақстан нарығына 2024 жылдың соңында кіріп, Aral Resources компаниясындағы үлесті сатып алған болатын. Басшылықтың айтуынша, Қазақстанның тартымдылығы – мемлекеттің жер қойнауына қол жеткізуді жеңілдетуі мен шетелдік инвесторларға қолдау көрсетуінде.

Laramide қазірдің өзінде АҚШ-тағы (Нью-Мексико, Юта) және Австралиядағы уран кен орындарының иесі. Соның ішінде әлемдегі ең ірі уран жобаларының бірі саналатын Уэстморленд те бар. Енді компания Орталық Азияда да тұрақтап қалуды жоспарлап отыр.

Қазақстан болса, уран саласындағы көшбасшылық орнын нығайтуды жалғастыруда. Жақында «Қазатомпром» Иорданияда серіктестік орнатқанын жариялады, ал биылғы жазда Франция компаниясы Түркістан облысында уран зауытын іске қосты.