Шұғыл: Алматыда 18 жастағы қыз өзін такси жүргізушісі зорлағанын айтқан
Кеше кешкісін Алматыда 2007 жылы туған қыз жоғалып кеткен. Сағат 23:00 шамасында ол туыстарына көмек сұрап бейнехабарлама жібергеннен кейін байланыс үзіліп қалған. Біраз уақыттан соң бойжеткен табылды. Оның айтуынша, өзін малознакомый жігіт көлікпен алып қашып, зорлаған. Күдікті такси жүргізушісі болып істейді. Бұл туралы Taulik.kz редакциясы "Немолчи-ге" сілтеме жасап хабарлайды.
Жәбірленушінің туыстары құқық қорғау органдарының әрекетіне наразылық білдіруде. Олардың айтуынша, қызды полиция бірнеше сағат бойы әр аудандық бөлімге тасып, ұзақ уақыт бойы жауап алған. Тек прокурордың араласуынан кейін іс Медеу ауданында тіркелгенімен, қыз дер кезінде сот-медициналық сараптамаға жіберілмеген.
«Қыз түні бойы полиция бөлімдерінде болып, қатты қиналды. Ал түнде келген мемлекеттік қорғаушы сараптамаға дейін күтпей кетіп қалған», – дейді туыстары.
Қоғам белсенділері мен отбасы өкілдері Бас прокуратураны жағдайға араласуға шақырып отыр. Олар сараптаманы шұғыл жүргізуді, күдіктіні қамауға алуды және Алматы полициясынан ресми түсініктеме беруді талап етуде.
Немолчи жазуынша, "ақырында олар тек қазір ғана сараптамаға кіріп жатыр. Қыз жуынбаған, түні бойы полиция бөлімшелерінде болып, бәріне шыдап келді. Түнде келген мемлекеттік адвокат ақырында бас тартып, сараптаманы күтпестен кетіп қалған!"