logo
search
menu
"Директор тек 2 жылға тағайындалу керек": Еліміздің бас педагогы шұғыл шешім қабылдады (ВИДЕО)
Мәжілістің баспасөз қызметі. Суретте: Жұлдыз Сүлейменова

"Директор тек 2 жылға тағайындалу керек": Еліміздің бас педагогы шұғыл шешім қабылдады (ВИДЕО)

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова білім беру ұйымдарындағы басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған жаңа бастаманы жариялады, деп хабарлайды Taulik.kz.

Министрдің сөзінше, мектеп директорларын тағайындау тәртібін жаңарту қажет. Ұсынысқа сәйкес, білім беру ұйымының басшысы алғашқы кезеңде екі оқу жылына ғана тағайындалады. Бұл өзгеріс кадрлық саясатты жандандырып, басқару тиімділігін арттыруға және білім сапасын жақсартуға мүмкіндік бермек.

"Министр ретіндегі позициям, бір директорға бір мектептегі мерзімі екі оқу жылы болуы қажет. Егер, оның нәтижесі жақсы болып жатса, білім сапасы мектебінде жақсы болып жатса, бұдан бөлек балаларының мәселелері жақсы болып жатса, қауіпсіздік мәселесі, мұғалімдердің біліктілігі мәселесі жолға қойылып жатса, онда мектептің директорына тағы да бір мәрте бір мерзім беруге болады. Сонымен, ол төрт жылға тағайындалуы қажет деп санаймын. Негізгі тағайындалу кезеңі – екі оқу жылы. Егер, жақсы нәтиже көрсетіп жатса, тағы да бір мерзім. Төрт жылға дейін тағайындауға болады деп ойлаймыз", – деді Жұлдыз Сүлейменова.