Басқа еркекпен ұсталып қалған 20 жастағы жас келіншекке таспен ұрып өлтіру жазасы тағайындалған
2022 жылы Суданда 20 жастағы жас әйелге опасыздық жасады деген айып тағылып, таспен ұрып өлтіру жазасы кесілген. Бұл жөнінде сол жылы BBC хабарлаған.
Марқұмның аты-жөні туыстарының қауіпсіздігі үшін жария етілмеген. Ол діни қағидаларды қатаң ұстанатын, ауылдық фермерлер отбасынан шыққан. BBC дерегіне сүйенсек, бойжеткен 2020 жылы күйеуінен ажырасып, ата-анасының үйіне оралған. Алайда бір жылдан кейін бұрынғы күйеуі оны опасыздық жасады деп айыптап, сотқа жүгінген.
Іс Ақ Ніл штатының Кости қаласында қаралып, сот шариғат нормаларына сүйене отырып, ең ауыр жаза – таспен ұрып өлтіру үкімін шығарған.
Бұл шешім халықаралық құқық қорғау ұйымдары мен белсенділердің қатаң наразылығын туғызды. Олар үкімді әділетсіз деп бағалап, қызды босатуды талап еткен. Алайда сол кезеңде елде Әділет министрінің болмауы салдарынан істі заңды түрде қайта қарауға мүмкіндік болмаған.
Оқиға Суданда әскери төңкерістен кейін билік әскери хунтаның қолына өткен тұста тіркелген. Ел заңнамасы шариғаттағы «хадд» санатына жататын ауыр қылмыстар үшін – зина, ұрлық және опасыздық секілді әрекеттерге өлім жазасын қолдануға жол береді. Мұндай жазаларға таспен ұрып өлтіру, дарға асу, дене мүшелерін кесу немесе дүрелеу жатады.
Халықаралық қауымдастық бұл үкімді адам құқықтарының өрескел бұзылуы деп бағалап, Судандағы әйелдерге қатысты сот жүйесін қайта қарау қажеттігін көтерді.
Ескерту: материал 2022 жылы BBC жариялаған дерекке негізделген. Қазіргі уақытта бұл істің әрі қарай қалай өрбігені жөнінде ресми ақпарат жоқ.