logo
search
menu
Еліміздің бас педагогы мұғалімдерді әбден мезі қылған жұмысқа нүкте қойды
Ulysmedia.kz коллажы. Суретте: Жұлдыз Сүлейменова

Еліміздің бас педагогы мұғалімдерді әбден мезі қылған жұмысқа нүкте қойды

Қоғамда қызу талқыланып, мұғалімдер тарапынан көп сынға ұшыраған "Мақсатты мектеп" жобасы ресми түрде тоқтатылды. 

Шешім Жұлдыз Сүлейменова қатысқан кеңейтілген жиында жарияланды. Басқосуда білім сапасын арттыру және мектеп жүйесіндегі түйткілді мәселелер кеңінен талқыланған.

Оқу-ағарту министрінің айтуынша, аталған жоба мұғалімдерге шамадан тыс жүктеме түсіріп, олардың негізгі кәсіби міндеттеріне кедергі келтірген. Сонымен қатар, "Мақсатты мектеп" бастамасының нақты заңдық негізі мен ресми бекітілген құжаттары болмаған.

"Мұғалімдерді қолдаудың орнына, оларды қосымша сабаққа тартып, ауыр жүктемеге салған, нақты мақсаты мен ережесі анықталмаған "Мақсатты мектептер" жобасы тоқтатылуы керек. Ұстаздардың біліктілігін арттыру қажет, бірақ ол заңға сай, жүйелі түрде жүзеге асырылуы тиіс", – деген еді Сүлейменова депутат кезінде.