Референдум-2026: Қазақстан бойынша дауыс беру учаскелерінде тәуелсіз бақылаушылар еркін жұмыс істеді
2026 жылғы 15 наурызда Қазақстанда елдің жаңа Конституциясын қабылдауға арналған ауқымды республикалық референдум өтті. Бұл оқиға мемлекет тарихындағы ең маңызды саяси оқиғалардың бірі саналады. Сол себепті ол республиканың ішінде де, шет елдерде де айтарлықтай назар аудартты.
Халықаралық ұйымдардан, шетелдерденкелген және қазақстандық азаматтық қоғам тарапынан қатысқан жүздеген тәуелсіз бақылаушы еліміздің барлық сайлау учаскелерінде еркін жұмыс істеді.
Орталық референдум комиссиясының алдын ала мәліметтеріне сәйкес, қатысу көрсеткіші 73,12%-ды құрады, бұл сан жағынан 9,1 миллионнан астам азаматтың дауыс беругеқатысқанын білдіреді. Олардың басым көпшілігі – 87,15% – жаңа Конституцияны қабылдап, қолдау білдіргені белігі болады.
Мұндай сенімді нәтижелерге демократиялық ерік білдірудің халықаралық стандарттарына сәйкес келетін ашық, ұйымдастырылған және ашық процесс жағдайында қол жеткізілді.

Түркияның Жоғарғы сайлау кеңесінің төрағасы Ахмет Йенер референдум өткізілуін жоғары бағалады. Оның бақылауынша, сайлау учаскелерінің қызметкерлері ерекше кәсіби шеберлікті көрсетті және кез келген сұраққа толық жауап беруге дайын болды, бұл алдын ала сапалы дайындықтың айқын белгісі саналады.
«Қазақстан азаматтарының дауыс беруге белсенді қатысуы және олардың дауыс беру құқығын жүзеге асыру үшін сайлау учаскелеріне келуі – демократия тұрғысынан шын мәнінде мақтанарлық көрсеткіш», – деп атап өтті ол.
Халықаралық байқаушылар мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін ақпараттық жүйелерді енгізуді жоғары бағалады: компьютерлік форматтағы түсіндіру материалдары референдумға қатысушылардың осы санаты үшін дауыс беруге қолжеткізуді айтарлықтай арттырды. Ахмет Йенердің айтуынша, мұндай тәжірибе таратуға лайық және оны өзге мемлекеттердегі сайлауда қолдануға болады.
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының бақылаушылар миссиясы 2026 жылдың 24 ақпанынан бастап референдумға дайындық пен өткізу мониторингін жүзеге асырды. Оның құрамында 161 бақылаушы аккредиттелген. Миссия басшысы Игорь Петришенко жұмыс Қазақстанның ішкі істеріне араласпау, бейтараптық және ашық қағидаттары негізінде еркін әрідербес жүргізілгенін атап өтті.
Дауыс беру күні миссия өкілдері еліміздің тоғыз өңіріндегі 750-ден астам учаскені аралады, сондай-ақ шетелдегі сайлау учаскелерінде бақылау жүргізді. Бақылаушылардың бағалауы бойынша, Қазақстанның заңнамалық базасы демократиялық дауыс беру үшін барлық қажетті жағдайларды қамтамасыз етеді және халықаралық құқықтың жалпыға танылған қағидалары мен нормаларына сәйкес келеді.

«Референдум учаскелері уақытында ашылды, дауыс беру мемлекеттік әнұранды орындау рәсімінен басталып, ұйымдастырылған әрі тыныш жағдайда өтті», – деді ол.
Петришенко атап өткендей, бақылаушылар тіркеген кейбір техникалық олқылықтар учаске комиссиялары тарапынан дереу жойылды. Жалпы алғанда, ТМД миссиясы Орталық референдум комиссиясының ұйымдастырушылық деңгейін және барлық деңгейдегі комиссиялардың жұмысын жоғары бағалады.
Түркия Ұлттық үлкен жиналысының мүшесі, Түркі мемлекеттері Парламенттік Ассамблеясының (ТүркПА) бақылаушылар құрамына кіретін Осман Местен атап өткендей, миссия мүшелері Астана, Алматы және Түркістан қалаларындағы 115 сайлау учаскесін аралады.
«Миссиябақылаушыларының қорытындысы бойынша, барлығы кәсіби деңгейде, өте жоғары дәрежеде өтті. Дауыс берушілерге қажетті ақпарат толық берілді. Біздің тарапымыздан референдум нәтижесіне әсер етуі мүмкін ешқандай құқық бұзушылық анықталған жоқ. Миссия мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қабылданған шараларды оң бағалайды. Сонымен қатар, миссия халықаралық бақылаушылардың жұмыс істеуі үшін Қазақстандағы заңнамалық жағдайларды жоғары бағалады. Миссия 2026 жылғы 15 наурызда өткен референдумның Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасына және халықаралық стандарттарға сәйкес өткізілгеніне қорытынды жасады», – деді ол.
Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) халықаралық байқаушылар миссиясының нәтижелері туралы ШЫҰ Бас хатшысының орынбасары Олег Копылов айтып берді. Оның пікірінше, миссия құрамында Ұйымға мүше 7 елдің өкілдері аккредиттелген.

«Миссия мәлімдегендей, Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдауға арналған республикалық референдум ҚР сайлау заңнамасының талаптарына және елдің халықаралық міндеттемелеріне сай өтті. Миссия референдумның легитимдігіне күмән келтіруі немесе оның нәтижесіне әсер етуі мүмкін ұлттық заңнаманың бұзылу әрекеттерін тіркеген жоқ. Миссия республикалық референдумды ашық, сенімді әрі демократиялық талапқа сай деп таниды. Сонымен қатар, миссия референдум Қазақстандағы демократиялық процестерді әрі қарай дамыту жолындағы маңызды қадам болды деп атап өтті», – деді ол.
Түркі мемлекеттері ұйымының миссиясы (ТМҰ) референдум күні үш топқа бөлініп, Астанадағы 31 сайлау учаскесінде мониторинг жүргізді. Бұл туралы ТМҰ Бас хатшысының орынбасары Омер Коджаман хабарлады.
«Миссия ешқандай маңызды құқық бұзушылық немесе сәйкессіздік болғанын анықтаған жоқ. Сайлау учаскелерінде халықаралық және жергілікті бақылаушылар үшін барлық жағдай жасалды. Олар өз жұмысын ешқандай қиындықсыз атқарды. Қажетті ақпарат пен техникалық жабдықтар жеткілікті болды. Сондай-ақ, миссия учаскелерде ешқандай рұқсат етілмеген немесе заңсыз материалдар жоқ екенін анықтады. Мүгедектігі бар адамдар да өз конституциялық құқықтарын жүзеге асыра алды. Түркі мемлекеттері ұйымының миссиясы Қазақстандағы референдум ашық әрі айқын өткеніне көз жеткізді. Біз барлық үдеріс халықаралық стандарттар мен елдің ұлттық заңнамасына сәйкес өткенін хабарлаймыз», – деді ол.
Өткен референдум туралы пікірін Ислам ынтымақтастығы ұйымы (ИЫҰ) Бас хатшылығының Азия істері жөніндегі директоры Имран Садихов та бөлісті.
«Референдумның алдын ала нәтижелері азаматтардың кең көлемде қатысуын көрсетеді және Қазақстан халқының өз елінің конституциялық болашағын қалыптастыруда саяси үдеріске белсенді араласуының нәтижесін байқатады. Бас хатшылық референдумның тыныш әрі жүйелі түрде өтуін жоғары бағалайды және халықаралық бақылаушылардың жұмысын қамтамасыз еткен Қазақстан билігіне алғысын білдіреді. Бас хатшылық Қазақстан басшылығы мен халқын осы маңызды ұлттық шараны сәтті өткізгенімен құттықтайды», – деді И. Садихов.
Ресей Федерациясы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Наталья Бударина халықаралық бақылаушылар дауыс беру кезінде қандай да бір елеулі бұзушылықтарды тіркемегенін айтты.Оның айтуынша, барлық рәсімдер Қазақстан заңнамасына қатаң сәйкес жүргізілді.
«Құқық бұзу туралы кішкентай ескерту де айту мүмкін емес, өйткені барлық процедуралар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өткізілді. Бұл референдум комиссиялары жүйесінің үлкен еңбегінің нәтижесі», – деп атап өтті ол.
Бударина әсіресе референдумға қатысудың жоғары көрсеткішіне назар аударып, оны тек ұйымдастырудың кәсіби деңгейімен ғана емес, сондай-ақ алдын ала кезеңде жүргізілген кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмысына байланыстырады.
Сонымен қатар, ресейлік бақылаушы учаскелердегі көңіл-күйге ерекше тоқталды: кейбір жерлерде кезектер болса да, дауыс беру достық рәуіште және тыныш жағдайда өтті, бұл өз кезегінде қазақстандықтардың жоғары азаматтық мәдениетінің айқын көрінісіндей болды.
Қырғыз Республикасының Сайлау және референдум өткізу жөніндегі орталық комиссиясының төрағасы Тынчтык Шайназаров Қазақстандағы референдумды ұйымдастыру мен өткізуге жоғары баға беріп, азаматтардың белсенділігі мен сайлау комиссияларының үйлесімді жұмысын атап өтті.
«Мен барған учаскелерде адамдардың көңіл-күйі көтеріңкі болды. Сайлаушылар белсенді қатысып, елдің болашағына бей-жай қарамайтындықтарын көрсетті.Учаскелердемерекелік атмосфера болды», –дедіол.
Мьянма Одағы Республикасы Одақтық сайлау комиссиясының комиссары Тан Хтут Тейн конституциялық өзгерістерге қоғамдық қызығушылықтың жоғары деңгейде болғанын атап өтіп, Қазақстанның тәжірибесі басқа мемлекеттер үшін құнды бағдар бола алатынын мәлімдеді.
«Біз байқауымызша, қоғамдық талқылаулар азаматтардың белсенді қызығушылығымен үйлесімді түрде өтті. Адамдар осы өзгерістерге және жаңа Конституцияның мемлекеттің мүддесіне қалай ең жақсы қызмет ете алатынына зор қызығушылық танытты», – деді ол.
Тан Хтут Тейн қоғаммен Конституциялық диалог мемлекеттік дамудың маңызды элементі екеніне тоқталды. Ол халықаралық миссияға қатысуды өз тәжірибесін байыту мүмкіндігі ретінде қарастырды.
«Біз өте жақсы сабақ алдық және бұл тәжірибені өз елімізде қолдануға ниеттіміз», – деп атап өтті ол.
Филиппин Республикасының сайлау комиссиясынан келген халықаралық бақылаушы Ховенсио Баланкуит Қазақстандағы референдумда дауыс беру үдерісі ұйымдастырылған, тыныш әрі ашық өтті деп сипаттады.

«Біз Қазақстан сайлау комиссиясының инклюзивті саясатына, әсіресе осал топтарға және сайлау учаскелеріне келе алмайтын азаматтарға ерекше көңіл бөлгеніне айрықша таңғалдық. Олар үшін үйде дауыс беруге де мүмкіндік қоса берілген арнайы шаралар қарастырылған», – деді ол.
Сондай-ақ Баланкуит учаске комиссиялары мүшелерінің кәсіби шеберлігін жоғары бағалап, дауыс беруді ұйымдастырудағы бірқатар инновациялық шешімдерді атап өтті, оларды Филиппин комиссиясының басшылығына таныстырып, зерттеу немесе қолдану үшін ұсынып көруді жоспарлап отыр.
«Біз дауыстарды санау– ашық әрі айқын түрде, бақылаушылардың қатысуыменөтетінін көрдік», – деп толықтырды ол.
Тәжікстан Республикасының Сайлау және референдумдар жөніндегі орталық комиссиясының төрағасыБахтиёр Худоёрзода байқаушылар барлық деңгейдегі дауыс беруге дайындықты қадағалап отырғанын атап өтті. Олардың пікірінше, Қазақстан азаматтары үшін референдумға қатысу үшін толыққанды жағдайлар жасалған.
«15 наурызда біз күн бойы Астана қаласындағы бірнеше сайлау учаскесіндегі дауыс беру процесін бақыладық. Референдумды өткізу бойынша учаске комиссияларының қызметі қатысудың ерікті түрде және ашықтық принциптеріне сәйкес болды», – деді ол.
Отандық бақылаушыларға келетін болсақ, тәуелсіз «Халық үні» тобы жаңа Конституция жобасының бірінші нұсқасы жарияланғаннан кейін азаматтық қоғам бастамасымен құрылды. Оның негізгі мақсаты – дауыс беру процедураларының сақталуын қоғамдық бақылау арқылы қамтамасыз ету.
Референдум күні бақылаушылар тобының шамамен 2 мың ерікті мүшесі еліміздің 11 қаласындағы учаскелерде, соның ішінде Алматы, Тараз, Түркістан, Орал, Қонаев және Талдықорған қалаларында жұмыс істедібар.
Саясаттанушы Нұрболат Нышанбайдың айтуынша, топтың қорытындылары жалпы алғанда Орталық референдум комиссиясының ресми деректерімен сәйкес келді. Барлық бақылаулар мен ұсыныстар әрі қарай талдау үшін комиссияға жолданатын болады.
Топ мүшелері елдің ең ірі қалалары – Астана, Алматы және Шымкенттегі тәуелсіз бақылаушылардың қатысуының маңыздылығын ерекше атап өтті. Олардың пікірінше, бұл қоғамдық бақылаудың маңызды элементі әрі азаматтардың саяси процестерге сенімін арттырудың факторына айналды.
Жазушы, экономист және қоғам қайраткері Бекнұр Кисиков, жеке өзі Алматыдағы референдум барысын бақылап, маңызды бұзушылықтар болмағанын хабарлады. Оның айтуынша, бақылаушылар бюллетеньдерді жаппай тастау сияқты елеулі заңбұзушылықты тіркемеген.
«Алдыңғы науқандармен салыстырғанда ұйымдастыру деңгейі айтарлықтай артқанын көруге болады. Учаскелерде барлығы стандартқа сәйкес жасалған: ақпараттық стендтер, байланыс деректері, схемалар, урналардың орналасуы. Жалпыдауыс беру тынышжағдайдаөтті», – деді ол.
Кисиков «Халық үні» ерікті бақылаушыларын даярлауға қатысты жоғары пікір білдірді: жастар оқудан өтті, сайлау заңнамасының нормаларын жақсы білді және іс жүзінде кәсібиліктің жоғары деңгейін көрсетті. Кейбір нақты жағдайдағы дау-дамайлар, әсіресе онлайн-трансляциялар мен бюллетеньдерді фотосуретке түсіруге тырысу фактілері, оның пікірінше, цифрлық дәуірдегі жаңа үрдістердің көрінісі болып табылады және заңнамалық нақтылауды қажет етеді, бірақ бұл нәтижелердің легитимдігіне күмән келтіретін бұзушылықтар емес.
«Ел Дауысы» қоғамдық қоры 2020 жылдан бері Қазақстандағы сайлау процестерін бақылаумен айналысып келеді, биыл бақылау географиясын едәуір кеңейтті. Қордың бақылаушылар желісі елдің 32 қаласын– ірі өңірлік орталықтардан бастап шағын қалаларға дейін қамтыды.
Қор жетекшісі Аида Жексенова бақылаушылар дауыс берудің барлық негізгі кезеңдерін: учаскелерді ашу, процесті ұйымдастыру, процедуралардың сақталуы, комиссиялардың жұмысы, дауыстарды санау және құжаттаманы рәсімдеудітіркегенін хабарлады. Ақпарат өңірлік үйлестірушілер арқылы беріліп, қордың орталық штабына жиналған.
«Қазақстанда азаматтық бақылауға қызығушылық өсіп келе жатқанын көріп отырмыз. Біз үшін маңыздысы – адамдар қоғамдық процестерге қатысуға дайын және процедуралардың ашықтығына жауапкершілік алуға ниетті», – деді ол.
Қордың алдын-ала бақылауларына сәйкес, көптеген учаскелерде дауыс беру ұйымдасқан және тыныш өтті. Тіркелген ескертулер процедуралық сипатта болды және нәтижелерге айтарлықтай әсер етпеді.
«AMANAT» партиясы бүкіл Қазақстан бойынша дауыс беру учаскелерінде 22 мыңға жуық бақылаушының жұмысын қамтамасыз етті. Алдын ала дайындыққа ерекше рөл берілді: 2-13 наурыз аралығында байқаушылар үшін мамандандырылған оқыту семинарлары өтті, онда сайлау құқығының талаптары мен мониторинг жүргізу тәртібі егжей-тегжейлі түсіндірілді.
Саяси жұмыс департаментінің қызметкері Аргын Теміржанов бақылау қорытындыларын жасағанда келесіні атап өтті:
«Біздің бақылаушылар елдің барлық учаскелерінде жұмыс істеді. Жалпы дауыс беру тыныш, ұйымдастырылған және ашық өтті. Таңертеңнен бастап азаматтардың белсенділігін байқадық. Көптеген адамдар учаскелерге отбасымен келді, белсенді қатысқан жастар да көп болды, соның ішінде алғаш дауыс берушілер. Бұл қоғамның жоғары азаматтық жауапкершілігін және ел болашағына деген қызығушылығын көрсетеді».
Партиялық бақылаушылар мониторинг барысында анықталған аздаған техникалық немесе процедуралық ескертулер учаске комиссиялары тарапынан белгіленген тәртіппен дер кезінде жойылғанын хабарлады.Жалпы дауыс беру заң талаптарына сәйкес өтті деп танылды.
2026 жылғы 15 наурызда өткен республикалық референдум Қазақстанның сайлау жүйесінің жетілгендігін және мемлекеттің қоғаммен ашық, айқын және демократиялық диалогқа дайын екенін айқын көрсетті. Халықаралық бақылаушылар мен отандық азаматтық сектор өкілдерінің бағалаулары бірізді болды: процесс жоғары деңгейде ұйымдастырылған, тәуелсіз бақылаушылар учаскелерге еркін кіріп, өз жұмысын кедергісіз атқара алды, ел бойынша ешқандай маңызды құқық бұзушылық тіркелген жоқ.
Референдумға қатысудың жоғары көрсеткіші, азаматтық қоғамның тәуелсіз бақылауға кеңінен қатысуы және барлық деңгейдегі сайлау комиссияларының кәсіби шеберлігі Қазақстанның демократиялық институттар мен құқықтық мәдениетті нығайту жолында жүйелі түрде алға жылжып келе жатқанын көрсетеді.
Әділ әрі ашық түрде халықтың дауыс беруі арқылы қабылданған жаңа Конституция елдің одан әрі дамуы үшін мықты құқықтық негіз қалыптастырады.