Жарылыс кадрлары тарады: Хаменейдің тағдырына қатысты жаңа дерек (ВИДЕО)
Әлеуметтік желілерде Иранның жоғарғы көшбасшысы Әли Хаменейге жасалған шабуыл сәті түсірілген деген бейнежазба тарады.
Кадрларда Хаменейге ұқсайтын адамның әскери қызметкермен сөйлесіп тұрғаны байқалады. Осы кезде олардың маңында жарылыс болғаны көрінеді.
Кейінірек Иран билігі Әли Хаменейдің қаза тапқанын растағаны туралы ақпарат тарады. Алайда шабуылдың нақты қалай жүзеге асқаны және оның мән-жайы туралы ресми деректер жарияланбады.
Бейнежазба әлеуметтік желілер мен ақпарат құралдарында кеңінен тарап жатыр. Алдын ала болжам бойынша, кадрлар шабуыл сәтінде түсірілген болуы мүмкін. Дегенмен бейненің шынайылығы тәуелсіз сарапшылар тарапынан әлі расталған жоқ.