logo
search
menu
Мақпал Жүнісованың қызы анасына ерекше тілек арнады (ВИДЕО)
ашық дереккөзден

Мақпал Жүнісованың қызы анасына ерекше тілек арнады (ВИДЕО)

Қазақстанның халық әртісі, танымал әнші Мақпал Жүнісова туған күнін отбасы мен жақындарының ортасында атап өтті.

Мерекелік кеште оның қызы Мерей Заманбекқызы анасына гүл шоғын табыстап, әсерлі тілегін жеткізді. Ол анасына деген шексіз махаббатын білдіріп, болашағына қатысты ізгі ниеттерін айтты.

"Жаным, мамам, әрдайым жанымда бол. Ертең, Алла қаласа, мен де тұрмысқа шығып, бала сүйсем, соның бәріне куә болып жүр. Немереңді бауырыңа басып, қасымда әдемі әже болып жүрсең – мен үшін ең үлкен бақыт сол. Сені қатты жақсы көремін. Маған сендей ана берген Аллаға мың алғыс", – деді Мерей.

Бұл әсерлі сәт желі қолданушыларының да назарын аударды. Көпшілік Мерейдің анасына деген құрметі мен тәрбиесіне тәнті болып, жылы лебіздерін білдірді.

"Тілегі қабыл болсын", "Алла армандарыңды орындасын", "Ана мен қыздың арасындағы байланыс ерекше", – деп жазды оқырмандар.