logo
search
menu
1-сыныпқа қабылдау ережесі өзгерді: Еліміздің бас педагогы шұғыл мәлімдеме жасады
Ulysmedia.kz коллажы. Суретте: Жұлдыз Сүлейменова

1-сыныпқа қабылдау ережесі өзгерді: Еліміздің бас педагогы шұғыл мәлімдеме жасады

1-сыныпқа қабылдау мерзімі жарияланды. Енді құжаттар 27 мамыр мен 31 тамыз аралығында қабылданады.

Бұл туралы Жұлдыз Сүлейменова әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.

"Биылдан бастап 1-сыныпқа құжат қабылдау мерзімі қайта қаралды. Бұған дейін өтініштер 1 сәуірден басталатын. Бірақ дәл осы кезеңде мектептерде оқу процесі жүріп жататындықтан, құжат қабылдауды жүйелі ұйымдастыру мүмкін болмаған кезеңдер туралы білеміз. Құжат тапсыру уақытының өзгеруі ата-аналар үшін де, мектеп ұжымдары үшін де қолайлы болады деп санаймыз", – деді министр.