Taulik.kz | Тәулік бойы ақпарат тарату алаңы | Тәулік жаңалықтары | Бүгінгі жаңалық RU search
26 тамыз, 2022 / taulik / Жаңалықтар

Жүруді аңсаған әйелдер: Қытайдағы қатігез дәстүр туралы не білесіз?

Жүруді аңсаған әйелдер: Қытайдағы қатігез дәстүр туралы не білесіз?

Жүруді аңсаған әйелдер: Қытайдағы қатігез дәстүр туралы не білесіз?
ашық дереккөзі
Бұл – Қытайда Х ғасырдан ХХ ғасыр басталғанға дейін 1000 жыл көлемінде қолданылған варварлық дәстүр. Ғалымдардың ойы дәстүрдің шығу тарихын зерттегенде сан саққа бөлінеді. Өйткені әртүрлі нұсқалар бар. Ең атақтысы – Ли Юе патша туралысы. Ол әйелі Яо Няннан аяғын ақ шұлықпен бинттеуді сұраған. Ли Юе патша қыздардың аяғының айдың жартысына ұқсап тұруын қалапты-мыс. Сондай-ақ Яо Нян сол күйінде аяғының ұшымен қозғалып, билеген де екен. Бұл дәстүр уақыт өте келе қолданысқа енді. Мұндай аяқтарды «алтын лотос» деп атап кетті. Біршама уақыттан соң аяқты таңу дәстүрі әйелдің қоғамдағы орнын көрсететін дәрежеге жетті. Қыздың аяғы қаншалықты кішкентай болса, оның иесі соншалықты мейірімді деген сөз. Мұндай әйелдердің күйеулері өте атақты болды. Оның жағдайы отбасын асырау үшін жетіп-артылатын. Дәстүр бойынша бұл процедураны қыздың кішкентай кезінде жасайды. Өйткені ол кезде жас баланың табаны толық қалыптаспайды. Бұл процесс 4 кезеңнен тұратын, 4-5 жылдан кейін ғана нәтиже беретін еді.  width= Бірінші аяқты шөп қайнатындысымен жуады. Сонда тері жұмсақ болады. Содан кейін аяқтағы сүйектер сыну үшін башпайларды табанға апарады. Бұдан кейін аяқты бинтпен таңып қояды. Қыздар біраз уақытқа дейін осылай жүргенге үйрене алмайды. Алайда аяқ ауырса да, шыдау керек деген түсінік бар. Алғашқы кезеңнің мақсаты – сынған башпайлар арқылы аяқтың көлемін кішірейту. Екінші кезеңде артық маталар алынып тасталады. Яғни бинтті қаттырақ орап отырады. Нәтижесінде қыздың аяғы иллюстрация секілді көрінетін болады. Бұл процеске аналар қатыстырылмады. Өйткені олар мұндай қатігездік таныта алмас еді. Бинтпен таңылған алғашқы түні ұйықтау түгілі қимылдау да мүмкін болмайды. Сол күні қыздарға аяқ киімдерін шешуге рұқсат та берілмеген. Олардың аяқтары жанып жатқандай сезім болады екен. Сонымен қатар қыздардың аналарының көбі оларға аяқтарындағы маталарды ауыстырып, қандарын жууға рұқсат бермепті. Олар әр екі апта сайын аяқ киімдерін ауыстырған. Қызығы апта өткен сайын қыздар 3-4 мм-ге кіші аяқ киім киюге мәжбүр болған. Жазда ол аяқтардан иіс шығатын болса, қыста қан дұрыс айналмағандықтан қатып қалатын болған. Аяқтың төрт башпайы жансыз болған. Әрине, ең қауіптісі – аяққа инфекцияның түсуі болды.  width= Кейде аяқтарды жуып, тырнақтарды кесіп тастап отырды. Ауқатты отбасының қыздарына күнделікті көңіл бөлінді. Сол себепті олардың табандары идеал деңгейіне жетті. Алайда олардың жүруге мұршасы болмай қалды. Олар жүре алмағандықтан, өмірін бір орында отырумен өткізді. Қарапайым отбасыдан шыққан қыздар қиналмады емес. Десе де олардың аяқтары кәдімгі аяқтың формасынан кішірек болды дей аламыз. Сонымен қатар Қытайда осы мәселе бойынша аяқтарының көлеміне байланысты қыздарды бірнеше топқа бөліп қарастырған. Аяғының ұзындығы 10 см-ден артық қыздар ұсқынсыз деп саналды. Ал 10 см-ге дейінгі көлем орташа деп табылды. Алайда идеал дегеніміз 7 см-ден аз болды. Осы соңғы дәрежеге жеткен «аяғы әдемі» қыз тұрмысқа да оңай шыға алды. Кейбір отбасылар осы бинтпен таңу арқылы қыздарының отбасы құру туралы қиындықтарын алдын алғысы келген. «Аяғы әдемі» қыз атану сіз ойлағандай оңай болған жоқ. Көбіне бұл деңгейге кедей отбасылар қызыға қарап, соған талпынып отырды. 1915 жылы қытайлық осы дәстүрді сақтап қалу мақсатында сатиралық эссе жазыпты. Сонда ол:
«Аяқтарды таңу – бұл өмірдің шарты. Бұл арқылы ер адамның бірқатар артықшылықтары көрінеді. Ал әйел бұның бәріне риза. Ашық айтатын болсақ, мен қытаймын, осы ұлттың өкілімін. Менің көзім әлсіз, кеудем жалпақ, белім қисайған. Есте сақтау қабілетім де жоқ және алдыңғы өркениеттер жайында әлі де көп нәрсені білмеймін. Мойындауым керек, мен ғалымдардың арасында наданмын, жасқаншақпын және басқа ер адамдармен сөйлескенде дауысым дірілдейді. Бірақ аяғына таңғыш тағып, үйге байланған әйелдің жанында өзімді батыр сезінемін, дауысым да гүрілдейді, данышпан секілді боламын. Мен ол үшін бүкіл әлеммін», – деген екен.
ХХ ғасырдың басында бұл дәстүр қолданыстан шыға бастады. Бұл процесс артта қалғандық болып есептелді. Сондай-ақ жергілікті ғалымдар аталмыш дәстүрге қатысты көптеген сын айтты. Ал осы ғасырдың ортасында бинтпен таңу мүлдем заңсыз деп танылды. Алайда мұндай қыздарға арналған аяқ киім шығару зауыттары 1999 жылға дейін жұмысын жасады. Өйткені осы қиындыққа тап болған қыздар сол жылдарға дейін өмір сүрген болатын. Қазіргі таңда бұл дәстүр өткеннің еншісінде қалып, қытайлықтардың санасында ауыр естелік ретінде сақталды.

Taulik.kz