logo
search
menu

Шетел фильмдерін қазақ тілінде дубляждауға мемлекеттен қолдау көрсетіледі

Шетел фильмдерін қазақ тілінде дубляждауға мемлекеттен қолдау көрсетіледі
8 қыркүйек, 2022
Шетел фильмдерін қазақ тілінде дубляждауға мемлекеттен қолдау көрсетіледі
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Мәжілістің жалпы отырысында кинематография және мәдениет мәселелері бойынша заң жобасын талқылау кезінде ұлттық фильмдерге қаражат бөлудің жаңа тәсілін қарастырып жатқандығын мәлімдеді, деп хабарлайды Taulik.kz. 
    «Шетел анимациялық фильмдерін және отбасылық фильмдерді қазақ тіліне дубляждауды мемлекеттік қолдау қарастырылған. Оларды іріктеу тәртібі мен критерийлері анықталды», - деді Д. Абаев.
    «Қолданыстағы механизмге сәйкес, инвестордың минималды жарнасы 130 мың АЕК болуы керек. Бұл шамамен 850 мың АҚШ долларын құрайды. Өз аумағында халықаралық киножобаларды сәтті жүзеге асыру тәжірибесі жоқ мемлекет үшін мұндай көрсеткіш тым жоғары. Осы орайда, «Кинематография туралы» заңның 15-ші бабынан Қазақстан Республикасының аумағындағы фильм өндірісіне салынатын қаражаттың төменгі шегі сөзі алынып тасталады», - деді министр.

    Taulik.kz

    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы