Димаш Головкин – Канело трилогиясында Қазақстанның әнұранын орындайды

Димаш Головкин – Канело трилогиясында Қазақстанның әнұранын орындайды

ашық дереккөзі

Танымал әнші Димаш Құдайберген Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Канело Альварес арасындағы жекпе-жекте Қазақстанның әнұранын орындайды, деп хабарлайды Taulik.kz сайты. Дәстүр бойынша әнұрандар жекпе-жек басталғанға дейін орындалады. Қазақстан уақыты бойынша жекпе-жек 18 қыркүйек, жексенбі күні таңертең өтеді. Бұған дейін оны Qazaqstan және Qazsport телеарналарының тікелей эфирде көрсететіні айтылды. Естеріңізге сала кетейік, трилогия алдыңғы екі жекпе-жек сияқты Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) өтеді.

Taulik.kz

Loading...