«Алыпсатарлық әрекеттер мен жұмыртқа тапшылығының алдын алу мақсатында «Идеал-маркет» сауда желісінде бір қолға 10 жұмыртқадан аспайтын шектеу белгіленді. Басқа сауда орындарында мұндай шектеу жоқ», – деп мәлім етті Нұрбол Жаңабеков.Сондай-ақ өңір тұтынушыларының жұмыртқаға сұранысын қамтамасыз ету үшін өзге аймақтардан өнім тасымалдау жолға қойылған.
«Атырау облысында жұмыртқаға айлық қажеттілік – 7,9 млн дана. Өңірде жұмыртқа шығаратын 2 ірі кәсіпорын жұмыс істейді. Бұлар – «Алмалы құс» және «Бақай құс» ЖШС. Екі кәсіпорынның бір айдағы өндірістік қуаттылығы – 2 млн дана жұмыртқа. Қазір екі кәсіпорын облыс тұтынушыларының қажеттілігін тек 30%-ға қамтамасыз етеді. Өңірдің жұмыртқаға қажеттілігін толық қамтамасыз ету үшін Қостанай, Ақтөбе, Павлодар және Батыс Қазақстан облыстарынан өнім тасымалдау жүзеге асырылып отыр», – деп хабарлады Нұрбол Жаңабеков.
Taulik.kz